Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: МЕТОДОЛОГИЯ, ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 26-27 ОКТЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ПРИГЛАШАЕТ ВАС ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «КАЗАХСТАНСКАЯ ШКОЛА В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ», СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ: 2 НОЯБРЯ 2018 Г. // ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП -2018»



Студенттер съез делегаттарымен кездесті

Ағымдағы жылдың наурыз айының 28-29 жұлдыздарында елорда төрінде «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі өтті.

«Жаңа әлемге жол саламыз» деген ұранмен өткен шараға облысымыздан 50 делегат, оқу орнымыздан 5 делегат қатысса, еліміздің әр аймағынан 1500-ден аса делегат пен қонақтар келді. Ол шарада «Жас Отан» Жастар қанатының өткені сараланып, кемшіліктері аталып, алдағы бағыт-бағдарын айқындап берген жаңа құжат қабылданды.

Іс-шараға қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және саламатты ұлт қалыптастыру ісіне қатысты өзекті мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын кеңінен талқылады.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың қараша айында өткен партияның Саяси кеңесінің отырысында ұйымның қызметін жаңғырту жөнінде нақты тапсырма бергені белгілі. Бұл тапсырмалардың «Жас Отан» жастар қанатына да тікелей қатысы бар екені анық. Бұл бағытта партияның жас белсенділері өздерінің Орталық кеңсесін түбегейлі өзгертіп, «open spase» форматына көшті.

Кезекті съездің ашылуында әдеттегідей баяндамалар оқылмай, сұрақ-жауап тәсілі қолданылды. Бұл да болса жастардың әдеттегі жиынына жаңа леп әкелгендей болды. Съездер аралығындағы кезең бойынша есеп берген төраға жастар ұйымының өткеніне шолу жасап өтті. Биылғы жылдың басында «Жас Отанның» тарихында алғаш рет Орталық кеңеске сайлау онлайн тәсілімен өткен.

Бұл ашық бәсекеде еліміздің әр түкпірінен 363 үміткер өз кандидатурасын ұсынып, олардың 16-сы Орталық кеңес мүшелігіне енген. Жеңіске жеткендердің қатарында жас кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысының белсенділері мен өнер саласының өкілдері бар. Айта кетерлігі, орталық кеңес мүшелігіне біздің аймақтан «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы төрағасы Уалихан Болатбек пен ТарМПУ-нің Ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінің басшысы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа да өтті.

Маңызды шарада Елбасының құттықтау сөзін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді. Онда «Жас Отанның» елін, жерін сүйетін, өз болашағын Қазақстанның кемел келешегімен байланыстыратын, мыңдаған білімді де белсенді жастардың бастарын біріктіретін, Елбасының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегі болып келе жатқан беделді ұйым екені айтылған. Гала-форумда өз саласында биіктерді бағындырған, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосқан жас қазақстандықтар сөз алып, әріптестеріне жетістікке жетудің қыр-сырын айтып берді.

Айта кетейік, Съезд алғаш рет VR, яғни виртуалды шынайылық форматында онлайн режімде көрсетілді. Соның нәтижесінде форум жұмысын қазақстандық жастар ғана емес, әлемнің барлық интернет қолданушылары көруге мүмкіндік алды. Бұл – биылғы Съездің басты ерекшеліктерінің бірі. Съезд соңында «Жас Отан» Жастар қанатының алдағы бағыт-бағдарын айқындап берген жаңа құжат қабылданды. «Жаңа әлемге жол саламыз» атты бұл құжатта еліміздегі жастар саясатына тың серпін беретін игі бастамалар мен жасотандықтардың ұйымының дамуы және еліміздегі жаңғыру үдерістеріне қатысу жөніндегі стратегиялық міндеттері көрсетілген. Төрт жылда бір өтетін жастар қанатының осынау съезіне барып қайтқан делегаттардың ерекше ерік-жігер, мақсат-мұраттармен қайтқаны белгілі.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь