Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Пәндік олимпиададан жүлдемен оралды

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Шетел тілдері» мамандықтары бойынша өткен республикалық студенттер олимпиадасында ТарМПУ студенттері жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, сайыс қорытындысы бойынша «Шет тілі: екі шет тілі» тілі мамандығының студенттері Шайық Гаухар түрік тілі (жетекші оқытушы Райымбекова Д.Л.) және Махадиева Айғаным неміс тілі бойынша (жетекші п.ғ.к., доцент Ким О.В.) 3-орын иеленді.

– Республикалық олимпиада комиссиясының құрамы мен жоғары оқу орындарының әділқазылар алқасының мүшелері педагогикалық университет студенттерінің білім деңгейін өте жоғары бағалады. Сайыс қорытындысы қатысушылардың әр тапсырма бойынша алған баллдарын жинақтау арқылы шығарылды, – дейді студенттердің жетекшісі, Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Тойшыбекова Г.А.

Пәндік олимпиада «Халықаралық стандарттар материалдары негізіндегі тестілеу», «Прагма-кәсіби тапсырмаларды шешу» және ««Болашақ шетел тілі мұғалімі үлгісін құзыреттілік-кәсіби жобалау» тақырыбы бойынша жоба жұмысының презентациясы сынды үш кезең бойынша жүргізілді.

Дәстүрлі білім сайысына еліміздегі 20-дан астам жоғары оқу орнынан, 5В011900 мамандығы бойынша – Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В021000 мамандығы бойынша – Филология: шетел филологиясы, еуропалық / шығыс бағыттары және 5В020700 Аударма ісі мамандықтарында оқитын 420 студент қатысты. Сонымен қатар, Ресей мемлекеті мен Қырғызстан мемлекетінің студенттері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support