Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Республикалық педагогикалық оқулары өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақованың ұйымдастыруымен 27 ақпан күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» атты І-ші Республикалық педагогикалық оқулары өтті.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; қазақстандық жаңартылған білім беру моделін құру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыруда инновациялық озық іс-тәжірибені үйрену; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және  білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

Шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филалдарының тренер-әдіскерлері, педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтары, болашақ педагогтары, магистранттары мен докторанттары, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері қатысты.

I-ші Республикалық педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» - деп көрсетілген 7-ші басым бағытының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.

I-ші Республикалық педагогикалық оқу барысында төмендегідей байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар төмендегідей номинациялармен марапатталды. Олар:

-   «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені (үздік портфолио)»;

-   «Үздік оқулық (оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал)»;

-   «Үздік электронды оқулық»;

-   «Үздік мультимедиалық өнім»;

-   «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)»;

-   «Үздік инновациялық жоба»;

-   «Үздік авторлық бағдарлама»;

-   «Үздік шебер-сынып».

Өткізілген байқаудың мақсаты – жаңашыл мұғалімдердің инновациялық озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтың креативті-шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support