Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы заманауи білім беру кеңістігінің парадигмалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтті.

Конференция жұмысына Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлы, АҚШ, Фрамингам университеті, ағылшын тілінің маманы Дуглас Аарон Дэвист, Түркия Республикасынан Карабюк университетінің профессоры Капаган Енвер мен Гиресун университетінің PhD, профессор Ахмет Гүнгөр, Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ф.ғ.д. Б.Тұрғынбаева, Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері С.Дағыстан, Назарбаев Университеті, Филология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Ж.Ағабекова, Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф.ғ.д. А.Ә.Үсен және ЖОО ғалымдары қатысты.

ТарМПУ барлық материалдық-техникалық және кадрлық база, ғылым қоры гранттарына қатысу нәтижелері бойынша тәжірибесі бар оқу орны болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында еліміздегі педагогикалық оқу орындарының алдына тың стратегиялық бағыт-орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуді тездететін мұғалім даярлау міндетін қойған болатын.

Сондықтан ТарМПУ-да шығармашылық қабілеті жоғары деңгейдегі, оқыту мен тәрбиелеудің, психологиялық-педагогикалық, жаңа  инновациялық әдістерін меңгерген, ескі қағидалардан бас тартып, нақты тәжірибеде, педагогикалық үрдісті өздігінше жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау міндеттері жүзеге асырылуда.

Конференцияның негізгі мақсаты «Болашаққа бағдар-жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиі», «Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары» және «ХХІ ғасыр білім беру кеңістігін ұлттық код негізінде жаңғырту проблемалары» тақырыбында жүйеленген ғылыми - әдістемелік мәселелер көтерілді. Конференцияға қатысушылар рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық код аясындағы қазақстандық білім беру моделін құру; оны жаһандық өредегі бренд санатында үйлестіру жолдарын қарастыру, ғылым мен білім беру кеңістігінің парадигмаларын жаңғырту;  латын әліпбиінің маңызы мен қажеттілігін көпшілікке насихаттау және латын әліпбиінде іс жүргізуді жолға қою, т.б.  мәселелер бойынша жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын заманауи ұстаздар мен ғалымдар арасында ой бөлісті. Конференцияда қаралған мәселелер бойынша нақты тұжырымдар жасалынып, бірқатар шешімдер қабылданды.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе