«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАГИСТРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТЫЛАДЫ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ТАРИХ, 6М011800–ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТЕЛ ТІЛІ, 6М012300 – ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ



«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «2018 жылдың 27-28 ақпанында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» атты I-ші Республикалық педагогикалық оқуларын өткізеді.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» I-ші Республикалық педагогикалық оқулардың мақсаты - Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; қазақстандық жаңартылған білім беру моделін құру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыруда инновациялық озық іс-тәжірибені үйрену; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және  білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

I-ші Республикалық педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. ... Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» - деп көрсетілген 7-ші басым бағытының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.

Ақпараттық хат (Көшіріп алу)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support