Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «АСТАНА - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды қолдау акциясы өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жастары Кореяда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақ спортшыларына жеңіс пен сəттілік тілей отырып, «Таңғы жаттығу» қолдау эстафетасын өткізді. Идея авторлары осы эстафетаны Республикамыздың барлық оқу орындарына жолдады.

Айта кетейік, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына 80-нен астам елдің 5 мыңнан артық спортшысы мен ресми өкілі қатысып, спорттың 15 түрінен 102 медаль сарапқа салынады деп көзделуде. Қазақстан биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шана спорты, шаңғы тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл сынды 9 спорт түрі бойынша бақ сынамақ.

Бүгінгі таңда ұлттық құраманың биатлоннан 10, мәнерлеп сырғанаудан 3, шорт-тректен – 10, жиыны 23 олимпиадалық лицензиясы бар. Лицензияларды жеңіп алу 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасатын болады.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support