Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «АСТАНА - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Ел тарихындағы жаңа кезең»

Химия-биология факультетінің 1 және 2 курс «Биология» мамандығы студенттері мен Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары А.Т. Менлибекова және ТарМПУ Ғылыми кітапхананың Library club клубының жетекшісі Г.Р.Акпарованың ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге насихаттау мақсатында "Ел тарихындағы жаңа кезең" атты талқылау сағаты өтті.

Бұл іс-шараға университетіміздің Химия-биология факультетінің 1 және 2 курс «Биология» мамандығы студентері  ат салысты. Елбасының жолдауы жаңа дәуірге қадам басқанымыздың айқын белгісі. Жастар білімді, білікті болуы керек. Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Сондықтан біздің міндетіміз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, жолдауда  көрсетілген он негізгі міндетке басты назар аудару деді өз сөзінде - Химия-биология факультетінің Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары А.Т. Менлибекова.

Жиын барысында  студенттер қоғамдық сананы жаңғыру жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы – еліміздегі конституциялық, экономикалық реформалардың заңды жалғасы екендігін және жолдауда  жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары ұсынылғанын айтып, өз ойларын ортаға салды. Табысты өткен үш жаңғыру арқылы жинақталған мол тәжірибе нәтижесінде Елбасы - Төртінші жаңғыруды бастауды міндеттеді. Бұл жаңғыру – болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ,-деп, Library club клуб жетекшісі Г.Р.Акпарова өз сөзін аяқтады.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support