РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



«Болашаққа бағдар: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденциялар»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 2018 жылдың 28 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденциялар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференцияға Түркия, Ресей, Қырғызстан және т.б. шетел қонақтарының қатысуы күтілуде.

Конференция жұмысына қатысуға оқытушыларды, мектепке дейінгі білім беру педагогтарын, мектеп мұғалімдерін, әлеуметтік педагогтарды, психолог мамандарды, PhD докторантарын, магистрантарды, студентерді шақырамыз.

Конференция ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденцияларды анықтау, озық инновациялық әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешуді көздейді.

Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың ғылыми ізденіс бағыты мен білім беру саласының маңызды мәселелерін талдау, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы контекстінде тәжірибиелермен алмасудың және жаңа идеяларды қалыптастырудың алаңын ұйымдастыру.

Ақпараттық хат (Көшіріп алу)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе