Ғылыми кеңес отырысы өтті

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

В ТАРАЗСКОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ ПЕДАГОГИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ПОДГОТОВКА МАГИСТРОВ ВЕДЕТСЯ ПО СЛЕДУЮЩИМ СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ИСТОРИЯ, 6М011800–РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК: ДВА ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКА, 6М012300 – СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА И САМОПОЗНАНИЕ



Ғылыми кеңес отырысы өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында ТарМПУ-дың 2017-2019 жылдарға арналған стратегиялық Даму жоспарын бекіту, 2017-2018 оқу жылы қысқы емтихан сессиясының нәтижелері, мониторинг қорытындысы, білім сапасын арттырудың міндеттері және университеттің 2017 жылы орындалған ғылыми жұмыстардың есебі, ғылыми жұмыстарды дамытудың перспективалық бағдары тақырыптары қаралды.

Ғылыми кеңес барысында Университет ректоры Д.Қожамжарова университеттің стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент және «Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Н.Шертаеваны оқу орнының ұжымымен таныстырды.

Сонымен қатар, отырыс барысында 2017 жылдың 28-желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында «Шетел тілдері» кафедрасының PhD, доценті,  Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы «Прагматизм как культура современного общества» секциясы бойынша 2-орын иеленсе, «Қазақ филологиясы және ЛГОӘ» кафедрасының аға оқытушысы Иманбекова Назира «Модернизация казахского языка: от рунической письменности до латиницы» секциясында 3-орын иеленгені үшін,  ДЕФ-14-2 тобының студенті Рашитова Дилора Максима Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен (Минск) І Халықаралық инклюзивті және арнайы білім беру бойынша студенттік олимпиадада «Зерттеу мәселесінің өзектілігі үшін» дипломымен және  Елордамыз Астана қаласында  «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты өңірлік филиалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жас Отанға» республикалық байқауының 2017 жылғы қорытындысы бойынша, «Оқу орнындағы үздік бөлімше» номинациясымен Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бөлімшесі марапатталады. Университет қабырғасындағы бөлімше жетекшісі Жидебай Жазираға марапатталды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support