Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Балалар университеті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті мектеп оқушыларының тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІнің бір күндік оқыту фестивалін өткізді.

Фестивалге  қала мектептерінен 50-ге жуық оқушы мен пән мұғалімдері қатысты.

Оқыту фестивалінде орыс, ағылшын, түрік, қытай, неміс тілдерін үйренудің жеңіл әрі жылдам жолдары ұсынылып, АҚШ, Германия, Түркия, Қытай елдерінің салт-дәстүріне шолу жасалынды. Сонымен қатар, аталмыш мемлекеттердегі ЖОО-да білім алудың бағыттары мен грантты иелену жолдары туралы мәліметтер берілді. Қызықты тіл білімі, қолданбалы журналистика, шешендікке баулу, эссе, мақала жазу шарттары мен тәртіптері тақырыптарында мастер-класстар өткізілді.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев  дәстүрлі  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Адам капиталының жаңа сапасына қатысты жетінші міндетте  барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.  Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Осы орайда Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті  облыс және қала мектептерімен кешенді жұмыс атқарып келеді. Соның бір дәлелі -  бүгінгі университет жанынан  құрылған «KIDS UNIVERSITY»   аясында  ұйымдастырылып отырған оқыту фестивалінің өтуі. Мұнда  институттың профессор-оқытушылары  мектеп оқушыларына әр түрлі тақырыпта ғылыми-инновациялық бағыт- бағдарлар береді.   Мақсат оқушыларды университет базасымен таныстыру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ету. Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ маман ретінде бағыттарын дұрыс таңдай білуге өз ықпалын тигізбек. Бұл фестиваль өзінің 5-маусымын өткізіп жатыр және дәстүрлі түрде өз жалғасын табатын болады» - дейді Университеттегі филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н.Тұрарова.

Іс-шара соңында университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры О.Джолдасова оқушыларға жоба туралы толығырақ ақпараттар беріп, аталмыш іс-шараның жалғасы болатынын атап көрсетті және осы жобаның өтуіне ат салысқан мектеп директорларына алғыс хат жолдады. Оқушылар да оқыту фестиваліндегі сабақтардың қызығы мен қиыншылығы туралы ой бөлісті.

Балалар университеті 3 факультеттен тұрады:

1. Жаратылыстану ғылымдары факультеті;

2. Тілдер факультеті;

3. Өнер және мәдениет факультеті

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support