Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ И СОТРУДНИКИ УНИВЕРСИТЕТА! Представляем Вам установленный в фойе 2,5,6,7,8 учебного корпуса, интерактивный баннер с QR-кодом около 100 отечественных и мировых литературных произведений. Электронные версии книг доступны через сканирование QR-кодов. Для этого потребуется специальное мобильное приложение. Если на Вашем мобильном устройстве нет такого приложения, то просим следовать инструкциям ниже: -загрузите приложение QR Code Reader на смартфон или планшет; -откройте приложение, наведите камеру QR-код; -загрузите книгу и наслаждайтесь чтением! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Астана - Мәңгілік Елдің жүрегі» байқауы

«Астана -  Мәңгілік Елдің жүрегі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда.

1.2. Байқаудың негізгі міндеттері қол өнер, сурет және ақындардың кәсіби шеберліктерін шыңдау, аталған мамандықтардың беделін көтеру, сонымен қатар, аса жауапты және жанқияр жұмысшыларға көпшілік алдында алғыс білдіру.

2. Байқаудың мақсаты

2.1. Студентердің үздік туындыларын,  шығармаларын анықтау.

2.2. Байқауды өткізу:

- кәсіби шеберлікті шыңдауға;

- халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға;

- әлеуметтік маңызы зор мамандықтардың мәртебесін көтеруге;

- кәсіби дайындалған, жоғары біліктілікке және этикаға ие мамандарды көпшілік алдында мойындау, қолдау және көтермелеуге;

- әлеуметтік жұмысшылардың бастамалары мен шығармашылық әлеуетін ынталандыруға мүмкіндік береді.

 

3. Байқаудың шарттары

3.1. Байқауға ТарМПУ студенттері қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысушының жасы және еңбек өтілі есепке алынбайды.

3.3. Байқауға сауалнама-өтінімдер 2018 жылғы 31 қаңтары осы Ереженің  4.2. тармағында көрсетілген мекен-жайда қабылданады.

 

4. Байқауды өткізу тәртібі

4.1.Байқауға қатысушылар Астана қаласының 20 жылдағы жетістігін, ондағы әсем ғимараттар мен мемлекеттік маңызы бар саяси және халықаралық оқиғаларды бейнелеуі қажет.

4.2. Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылығын ТарМПУ Бас ғимаратының 403 аудиториясына тапсыруы қажет.

 

5. Жеңімпаздарды марапаттау.

5.1. Байқаудың соңында бірінші жүлделі орындар беріледі. Байқау жеңімпаздарын Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өтетін шарада марапатталады.

5.2. Байқауға қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support