Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «АСТАНА - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Университет жасотандықтары үздіктер қатарынан көрінді

Елордасы Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ өңірлік филиалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жастар Отанға» республикалық байқауының 2017 жылғы қорытындысы бойынша үздіктер анықталды, Жас Отанның қызметін дамытуға үлес қосқандар марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша «Оқу орнындағы үздік бөлімше» номинациясымен Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бөлімшесі марапатталды.

Тараз қаласы аумағында 2000-нан аса жасотандықтар бар. Оның 500-ден астамы ТарМПУ студенттері. Университет қабырғасындағы Бөлімше жетекшісі Жазира Жидебай осы уақыттар аралығында жастардың арасында жан-жақты тыңғылықты істер атқарып келеді. Студенттердің  оқу орнында саяси-құқықтық белсенділігін арттыру мақсатында жан-жақты іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Аталмыш марапат жасотандықтардың одан әрі тынымсыз еңбек етуіне үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support