РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



ТарМПУ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы, порфессор оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Кездесу барысында ТарМПУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, э.ғ.к., доценті О.Джолдасова биылғы Жолдауды басым бағыттарына, өткен Жолдаулармен байланысына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» отырысында Өнер және мәдениет факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Л.Ибраимова, «Философия және толеранттылық» кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к., доцент И.Яхиева, «Психология және акмеология» кафедрасының аға оқытушысы П.Махашева, «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., доцент М.Абдрасилов, «Орыс филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Мыханова, «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқытудың әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы  Б.Бекназаров сөз алды. Олар биылғы Жолдаудың оқытушылардың бойына үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер жүктегенін атап өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын одан әрі дамыту, оны жастардың, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында университет ұжымы қыруар істерді атқарып келе жатқандығы мәлім. Осы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін атап өткен оқытушылар құрамы бірауыздан атқаратын жұмыстарды нақтылап, алға қойған мақсаттарын айқындаумен тарқасты.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support