РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



ТарМПУ қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды.

"Ұстаз" спорт клубының ұйытқы болуымен осымен 14-ші рет өткізіліп отырған сайыстың мақсаты – оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дамыту.

Спорттың шағын футбол, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, баскетбол, дойбы, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ секілді он түрінен өтетін жарысқа университет факультеттері мен құрылымдық бөлімдері қатысуда.

Екі аптаға созылатын спорт сайыстарында "жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар" шыққан командалар және жекелей қатысушылар мақтау грамоталарымен және сыйақылармен марапатталады.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support