Құрметті әріптестер!
2018 жылдың 23 ақпаны күні
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өтетін
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ ПАРАДИГМАЛАРЫ»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық код аясындағы қазақстандық білім беру моделін құру; оны жаһандық өредегі бренд санатында үйлестіру жолдарын қарастыру, ғылым мен білім беру кеңістігінің парадигмаларын жаңғырту; латын әліпбиінің маңызы мен қажеттілігін көпшілікке насихаттау және латын әліпбиінде іс жүргізуді жолға қою, т.б. мәселелер бойынша жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын заманауи ұстаздар мен ғалымдар арасында ой бөлісу.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
1. Болашаққа бағдар-жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиі.
2. Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары.
3. ХХІ ғасыр білім беру кеңістігін ұлттық код негізінде жаңғырту проблемалары.
Конференцияның өтетін жері мен уақыты
Конференция 2018 ж. 23 ақпанында сағат 10.30 Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында (2 оқу ғимараты) өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.