РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



Алаш қозғалысына – 100 жыл!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы мен «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен биылғы жылдың соңғы атаулы күндерінің бірі - Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш идеясы - Тәуелсіздік жолы» тақырыбында конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты Алаш қозғалысының тарихынан терең сыр шертіп, алаш қайраткерлерінің жасаған еңбектерін болашақ жастарға үлгі қылып, қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, кітапханада Алаш жайлы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы жарияланған мәліметтерді оқырмандарға насихаттау.

Іс-шараны кітапханашы А.Жайлаубаева ашып, Алаш қайраткерлерінің өмір жолы мен еңбектеріне жеке-жеке тоқталды. Оқырмандарға ұсынылған университет басшысы, ҚР ҰҒА академигі Д.Қожамжарованың «Алаш қозғалысының тарихы» атты кітабын оқып зерделеп жүрген «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің студенттері өз ойларын ортаға салды.

Бұдан 100 жыл бұрын қазақтың зиялы азаматтарының Ресей шеңберінде тұңғыш ұлттық «Алаш қозғалысын» құрып, оның басқару жүйесін қалыптастырудағы мақсаттары және 1917 жылы белең алған саяси өзгерістер Алаш қозғалысына жаңа мүмкіндіктер мен жауапты міндеттер жүктегені жайлы, атылып кеткен Алаш зиялылары, аштық кезінде қырылған біздің ата-бабаларымыз, желтоқсан оқиғасында қырылған жастар туралы, Алаштан «Мәңгілік Елге» жеткізген тәуелсіздік идеясы, Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы хақында «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің деканы З.Тоқбергенова, «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Т.Әбдіқадырова, «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Г.Төлегенова өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі ұрпақтың кешегіні білуі, бағалауы ұлтымыздың болашағы үшін қажет.

Соның ішінде, халқымыздың рухани өміріндегі ең қасиеті мол қазына алаш арыстарының мұралары. Алаш зиялыларының еңбектері насихатталып, бүгінгі ұрпаққа пайдасы тиюі керек – деді. «Алашорда – азаттықтың бастауы», «Мәңгі жас – Алаш идеясы» кітап көрмелері библиографиялық шолу жасалды, университет ректоры Д.Қожамжарова туралы библиографиялық көрсеткіш таныстырылды.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support