Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



Ғұмырын білімге арнаған жан

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор С.Тамаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Ұстаз-тәлімгер» атты кездесу өткізілді.

С.Тамаев 1937 жылы қазан айының 20 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Бүйрекбастау ауылында дүниеге келген.

1952-1953 оқу жылында Түлкібас ауданындағы Ванковка кешеніндегі Абай атындағы орта мектептің 8-ші класына келіп оқыған. Осы мектепті 1955 жылы бітіріп, Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, студенттік өмірді бастаған. Осы институтты «Физика» мамандығы бойынша 1960 жылы бітірген.

1960 жылы тамыз айының 1-ші жұлдызынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Сазтөбе орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.

1963 жылы Жамбыл гидро-мелиорация құрылыс институтының физика кафедрасына конкурспен ассистенттік қызметке өтіп, 1967 жылы 1-ші шілдеден бастап Жамбыл педагогикалық институтының математика және физика кафедрасына аға оқытушы қызметіне орналасады.

1968-1969 жылдары Ломоносов атындағы Москва университетінің физика факультетінде, «Қатты денелер физикасы» кафедрасының проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториясында зерттеуші қызметінде болады.

1970 жылы Москва университетінің «Қатты денелер физикасы» кафедрасына аспирантураға түсіп, 1974 жылы осы университеттің үлкен ғылыми кеңесінде, дүние жүзіне физика мамандығына танымал ғалым, профессор Г.С.Ждановтың ғылыми жетекшілігімен, кандидаттық ғылыми-дәрежені алу үшін диссертация қорғады. Кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін, көп уақыт өтпестен физика-математика ғылымдарының кандидаты дипломын алды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support