Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП-2018»



Комитет по делам молодежи

Кадралиев Айбек Амансейітұлы

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Университеттегі жастар саясатының жұмысын жүргізу, факультеттердің тәрбие және  әлеуметтік  жұмыстарды  ұйымдастыру, іс жүзіндегі бекітілген құжаттарды жоспарлауға қатысу, білімгерлермен жүргізілетін  жұмыстағы озық тәжірибені білу, жинақтау, тарату, семинар және ғылыми-практикалық  конференция, шығармашылық байқаулар өткізу, жастар ісі жөніндегі есептерін талап ету, білімгерлер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, білімгерлер отрядының  қалыптасуына ықпал ету, жастармен жұмыс істеуде өзінің кәсіби білімін үнемі арттыру, университеттің сыртқы ережелерін сақтау, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларымен жастарға арналған бағдарламаларын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар спорттық іс-шаралар, танымдық маңызы бар кездесулер мен дөңгелек үстелдер, қайырымдылық кештер мен жастар акцияларын  өткізу болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жұмыс жасайды.

Жастар ұйымдарының жұмыс атқару деңгейі:

ТарМПУ-да оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әр түрлі салаларда жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ұйымдары құрылған, олар:

-   Жастар ісі жөніндегі комитеті;

-  Студенттік кәсіподақ ұйымы;

-  «Жас Отан» Жастар қанаты;

-  Қазақстан Студенттер Альянсы;

-  «Біз біргеміз» еріктілер тобы;

-  «Бәйтерек клубы»;

-  «Қыз Жібек» қыздар клубы:

-  «Жансарай» студенттер театры;

-  «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары;

-  «Жайдарман» ұйымы:

-  «Шаңырақ» өзге ұлттар ұйымы:

-  «Томирис» бишілер ансамблі;

-  «Вокалды инструменталды ансамблі;

Студенттік кәсіподақ ұйымы – студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, жатақханадағы студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының бірі. Кеңес құрамындағы белсенді студенттер жатақханада тұратын студенттердің тәртібіне, әлеуметтік жағдайына, қиын мәселелерді шешудегі іс-шараларды толығымен өз беттерімен шешеді және түрлі мәдени іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жастардың сабақтан тыс бос уақыттары қызықты өтілуіне үлес қосады.

«Студенттік кәсіподақ ұйымының» бастамасымен «Студенттер алаңы» жобасында институт ректоры, проректорлар мен декандарымен және бөлім басшыларымен бейресми кездесулер ұйымдасытырылады.

Студентік ректорат - факультетте студенттердің өзін-өзі басқару ұйымын құрайды, олар жұмыстарын заңдылық, шындық, демократиялық негіздеріне сүйене отырып атқарады. Ректорат құрамындағы студенттер алғаш факультет есігін ашқан 1-ші курс студенттеріне білімнің маңыздылығын көрсете отырып, жаңа әлеуметтік жағдайда дұрыс бағытта қалыптасуына, жастардың бос уақытын мейлінше қызықты әрі пайдалы өтуіне ықпал ете отырып тәрбие жұмысының маңызын арттырып отырады.

«Жас Отан» жастар қанаты» ұйымы - студенттердің балалар үйіне және әр-түрлі бағытта маманданған мектеп – интернаттарға өзара қолдау, көмек көрсету сезімін және әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелейтін жұмыс, жастардың әлеуметтік белсенділігінің көрінісі.

«Жас Отан» жастар қанатының» ұйымдастыруымен белсенді іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, жастардың бойына мейірімділік пен үлкенге деген құрмет сезімдерін ұялату мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы іске асырылуда. Онда ТарМПУ бастауыш бөлімшесі өз қарамағыдағы 25 ардагерге тұрақты түрде көмектесіп тұрады.

«Қазақстан студенттер Альянсы» - студент жастарының интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асырылуы үшін жағдай жасай отырып, студенттердің тікелей құқықтарын қорғайтын ұйым.

Қазақстан Студенттер Альянсы айына 2 мәрте студенттердің жағдайы мен тамақтануын зерттеу барысында «Студент қалай тұрасың?», «Студент қалай тамақтанасың?» акцияларын, «Спорт – жастардың қалауы» атты жастар спартакиадаларын  ұйымдастырады.

«Жансарай» студенттік театры жылдар  бойы  абырой  биігін бағындырып келеді. Соның нәтижесінде «Халықтық» атағы берілді. Бүгінгі күнге дейін  «Сыған серенадасы», «Ауылдан келген ару», Тарихи драма «Айша бибі», «Біртүп алма ағашы» қойылымдары қойылды. Қазіргі таңда «Тағдыр тәлкегі» қойылымына дайындық жүргізілуде.

«Жайдарман» ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығы мен талантын ашуға септігі зор. Осы ретте студенттердің құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған игілікті істі ары қарай дамыта беру мақсатында «Раян Нұр» көңілді тапқырлар клубы жұмыс жасайды. Бұл клубтың негізгі мақсаты -   қоғамда болып жатқан көптеген оқиғаларды сын арқылы, әзіл арқылы жеткізу, оның ішінде, ең біріншіден, шығармашылық жастарға қолдау көрсете отырып, олардың тұлға ретінде дамуына үлес қосатын бірден-бір клубтардың бірі. Университеттің жартығасырлық мерейтойына орай «Жүзден жүйрік», «50 жылда ел жаңа», «Жайдарлы жандар» атты «Жайдарман» ойындары Факультетаралық деңгейдегі таңдаулы командалардың басын қосқан іс-шаралар ұйымдастыруда.

Ораторлық Өнер Курсының  негізгі мақсаты – студенттердің тіл байлығын дамыта отырып, сөз сөйлеу шеберлігін арттыру, олардың продуктивті ойлау қабілетін байыту.

Студенттік ғылыми қоғам – EnactusTarSPI–ғылыми-зерттеушілік жұмысқа қызығушылығы мол белсенді студенттерден құралған ұйым. Ғылыми-студенттік қоғам студенттердің ғылыми-практикалық жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, болашақ ғалымдардың студенттік өмірлерінің қызықты әрі маңызды өтуіне жол сілтейді.

Enactus студенттері адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі жарыста Enactus студенттері жүзеге асырған жобалары бойынша презентация жасап қорғайды. Үздік жоба мәртебесін жеңіп алған команда Бүкіл әлемдік кубокка қатысуына мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Энактус ұйымының 36 командасы бар. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты өзгеде командалармен серіктес болып жұмыс істеуде.

Enactus TarSPI командасы Алматы қаласына «Энергия көзі» атты жобасымен барып келді. Бұл жоба велосипедтің дөңгелегінің орнына генератор орнату арқылы энергия алу.

(Entrepreneurial – қолымыздағы мүмкіндіктер мен таланттарды пайдаланып кәсіпкерлікті дамыту.

ACTion – бастаған істі аяғына дейін жеткізу және ешқандай нәтиже бермеседе халыққа пайдалы жағын қарастыру.

US – бір мақсатта жиналған адамдар тобы және бірігіп бір жобаны жүзеге асырушы топ.)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь