Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Жастар ісі жөніндегі комитет

Жастар ісі жөніндегі комитет (ары қарай комитет) – университеттің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Комитет  өз қызметін перспективалық және жылдық жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.

Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық кодексін және ЖОО-дағы білімді және ғылымды регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық, университет Жарғысын, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, сапа менеджменті талаптарын, ISO 9001 Халықаралық стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, университетінің Ғылыми Кеңесінің, ректорат шешімдерін, сондай-ақ университеттің және комитеттің ішкі ережелерін басшылыққа алады.

Комитетті – жетекші басқарады, ол ректор бұйрығы бойынша өз қызметіне тағайындалады және өз қызметінен босатылады. Комитет жетекшісі болмаған жағдайда міндеттерді орындау белгіленген тәртіппен комитеттің қызметкеріне жүктеледі, ол өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты болады.

Комитет ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі болыпта былады, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорға тікелей бағынады.

Комитет қызметкерлерінің құрылымы мен санын комитет қызметінің ерекшелігі мен ауқымын ескере отырып, ректор айқындайды.

Комиттеттің жалпы міндеттері:

Комитеттің қызметі жастар саясатын жүзеге асыруға және оның толыққанды іске асырылуына бағытталған.

Байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру.

Жастар саясатын жүзеге асырумәселелері, жастар мәселелерін уақтылы шешу бойынша университеттің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру.

Жастарды қоғамның әлеуметтік белсенді азаматтары ретінде тәрбиелеу және әлеуметтік маңызы бар жастар бастамаларын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жастардың бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Университеттің жастар мәселелерінің тәжірибелі және өзекті шешілуіне қатысты мәселелер жөніндегі жастар ұйымдарымен, жоғарғы инстанциялармен өзара әрекетету, сондай-ақ басқа жастар ұйымдарымен қарым-қатынас орнату.

 

Комитеттің функционалдық міндеттері:

Комитет (берілген тапсырмаларға сәйкес) келесі функцияларды орындайды:

-     Университетте жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді;

-     Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында» көрсетілген құқықтар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

-     университет ректорының бекіткен жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді;

-     университеттің стратегиялық даму жоспарының талаптары мен жоғарғы органдардың, әкімшіліктердің шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

-     комитеттің құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды және активтерді іріктеуді жүзеге асырады;

-     университеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес комитеттің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және жүзеге асырады;

-     комитеттің, оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлайды, жоспардың жүзеге асырылуын бақылайды;

-     жастар мен жұмыс істеудің озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады, оның қызметінің стилін, нысандарынжәнеәдістерінжетілдіреді;

-     жоғары оқу орындарының студентті көзін-өзі басқару құрылымы мен жастар ұйымдары және жоғары органдармен белгіленген тәртіпте байланыс орнатады;

-     әлеуметтік, саяси, моральдық, этникалық, мәдени және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында студенттердің арасында қылмыс, сыбайлас жемқорлық және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

-     атқарған жұмыстары туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорына хабарлайды;

-     студенттік ортада еріктілер қозғалысын насихаттайды және жүргізеді.

 

Комитеттің жұмыс бағыттары:

- Ұйымдастыру-әдістемелікжұмыстар

- Жастарсаясаты

- Азаматтық – патриоттықтәрбие

- Рухани – адамгершіліктәрбие

- Студенттердіңшығармашылығындамыту

- Салауаттыөмірсалтынқалыптастыру

- Кәсібиеңбектәрбиесі

- Студенттікжатақханажұмысы.

 

ТарМПУ-да оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әр түрлі салаларда жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ұйымдары құрылған. Олар:

-     «Жас Отан» Жастар қанаты

-     Қазақстан Студенттер Альянсы

-     «Жалын еріктілер» тобы

-     «Бәйтерек клубы»

-     «Қыз Жібек» қыздар клубы

-     «Жансарай» студенттер театры

-     «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары

-     «Жайдарман» ұйымы

-     «Достық» өзге ұлттар ұйымы

-     «Томирис» бишілер ансамблі

-     Вокалды инструменталды ансамблі

 

Адрес, кабинет:ТарМПУ2 оқуғимараты, 210 кабинет

КОМИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ:

Кадралиев Айбек Амансейітұлы

Қызметі: Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

Телефон: +7 747 507 7838

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМІТЕТІНІҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Нурболатбекова Жанар Нурболатбеккызы

Қызметі: Комитет маманы

Телефон: +77026316566

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Комитет маманының жұмыс бағыты:

-     жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

-     студент жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жасау;

-     студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту;

-     комитет қызметкерлері мен студенттердің университеттің ішкі тәртібін бұзғандықтары туралы комитет жетекшісін уақтылы хабардар ету;

-     студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;

-     студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;

-     студенттік контингент арасынанкөшбасшылардыанықтау;

-     жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

-     университтетте, факультетте, оқу топтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;

-     азаматтық ұстаным қалыптастыру, саяси институттармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

Молдашова Жанерке Егізбайқызы

Қызметі: Комитет маманы

Телефон: +77072763200

 

Комитет маманының жұмыс бағыты:

-     жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

-     студент жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жасау;

-     студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту;

-     комитет қызметкерлері мен студенттердің университеттің ішкі тәртібін бұзғандықтары туралы комитет жетекшісін уақтылы хабардар ету;

-      студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;

-      студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;

-      студенттік контингент арасынанкөшбасшылардыанықтау;

-     жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

-     университтетте, факультетте, оқу топтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;

-     азаматтық ұстаным қалыптастыру, саяси институттармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе