Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» АТТЫ I-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ТарМПУ студенттері тағыда биіктен көрінді

Астана қаласында өткен «Жас талант» Халықаралық конкурсына Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінен жеті студент қатысып бақ сынады.

Конкурсқа барлығы 200-ге жуық үміткер қатысқан байқауда біздің университеттің студенттері суырылып алдыға шықты. Топтық көрсеткіште 1 орын иеленді. Топ жетекшісі Р.Апсаматова.

Жеңімпаздарды университет ректоры ҚР ҰҒА академигі Д.Қожамжарова қабылдады. Қабылдау барысында студенттер байқаудағы өзінің сезімдері, көрген талантты жастардың шығармашылығын атап өтті. Сонымен қатар, студенттер шығармашыл, өнерлі жастарды қолдауға бағытталған оқу орнының барлық мүмкіндіктері үшін университет ректоры Дария Пернешқызына шексіз алғыстарын білдірді.

Д.Қожамжарова студенттерге университет тарапынан барлық жағдайлар жасалғандығын, олардың тек биіктен көрінуі үшін жан-жақты мүмкіндіктер жасайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да тек биік шыңдардан көрінуіне тілектес екендігін білдірді.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support