РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ! Назарларыңызға университетіміздің 2,5,6,7,8 оқу ғимараттарындағы фойеде орналасқан, 100-ге жуық отандық және әлемдік әдеби туындылардың QR-кодты интерактивты баннерын ұсынамыз. Баннердегі шығармалардың электронды нұсқасын QR-кодты сканерлеу арқылы оқи аласыз. Бұл үшін QR-кодты сканерлеуге арналған мобильді қосымшаны пайдалану қажет. Егер мобильді құрылғыңызда ондай қосымша болмаса, төмендегі нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз: -смартфон немесе планшетке QR Code Reader қосымшаны жүктеп алыңыз; -қосымшаны ашып, QR-кодты камера көмегімен сканерлеңіз; -кітапты жүктеңіз де, оқудан ләззат алыңыз! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Жас мұғалім

Құрметті байқауға қатысушылар!!!

«Жас мұғалім» байқауы (бұдан әрі – «Байқау») Еуразиялық педагогикалық университеттер ассоциациясының (ЕПУА), Педагогикалық университеттер мен институттарды дамыту ассоциациясы (ПУИДА) мен Ұлттық қосымша кәсіби педагогикалық білім беруді ұйымдастыру ассоциациясының (ҰҚКПББҰА) ұйымдастыруымен өтетін  «Педагогикалық бастама» атты жас оқытушылар арасындағы ІІ халықаралық байқауының шеңберінде өткізіледі.

Байқау ТарМПУ жас оқытушыларының белсенді кәсіби біліктілігін қалыптастыру мен педагогикалық білімді дамыту мақсатында өткізіледі. Байқау жас оқытушылардың  ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруі мен кәсіби өсуіне қосымша жағдай жасауға бағытталған.

Байқауға ТарМПУ және жоғары кәсіби педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асырушы жоғары оқу орындарының жас оқытушылары қатыса алады. Байқауға жасы 35-ке дейінге оқытушылар қатысады.

Байқауға қатысуға кандидаттарды ұсыну (бұдан әрі – Өтініш беруші):

- Факультет және кафедра басшылығының ұсынысымен

- Өзін-өзі ұсыну арқылы жасалады.

Қатысушылар міндетті түрде тіркелуден өтуі қажет. Тіркелу мерзімі – 2017 жылдың 10 - желтоқсанына дейін.

Байқау материалдары ойдың, сөйлемнің, тәжірибенің қысқа әрі нұсқа мағынасын ашуы тиіс. Қатысушылар байқау материалдарын Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript 2017 жылдың 15 - желтоқсанына дейін жіберуі тиіс.

Толық мәлімет алу үшін PDF форматын қараңыз.

Жас мұғалім (PDF)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support