Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» АТТЫ I-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Ел және Елбасы» тақырыбында жастар форумы өтті

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында «Ел және Елбасы» атты жастар форумы өтті.

Форумды университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Д.Қожамжарова ашып, профессор-оқытушылар құрамын, студенттерді ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Елбасы, Ұлт Көшбасшысының Тәуелсіздік жылдары жасаған ерен еңбектерін, танымды тұстарын атап өтті.

Форум барысында «Жас талап – 2017» ғылыми байқауының және 2017-2018 оқу жылында спорттан халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, форум барысында мың бұралған бишілердің биі мен әсем дауысты әншілердің әндері шырқалды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support