Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» АТТЫ I-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Елбасы және жастар» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Қайнар Қалиақпарұлы Олжаймен кездесті.

Кездесу барысында Қайнар Олжай өзінің Елбасы туралы жазған еңбектерін,  Елбасымен болған іс сапарлардағы қызықты, қайталанбас сәттерден сыр шертті. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді.

Сонымен қатар, Қайнар Олжай өзінің «Президент пырағы», 2007 жыл «Қара нары қазақтың», «Атамыз – Аласанбай», «Қанат байлаған қазақ» кітаптарының шығу тарихы мен жазу барысындағы естен кетпес оқиғаларын жастармен бөлісті.

Кездесу соңында Қайнар Олжай белсенді қатысушыларға өзінің «Қанат байлаған қазақ» атты кітабын сыйға тартты. Қайнар Қалиақпарұлына Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы институттың 50 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support