Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» АТТЫ I-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



«Рухани жаңғыру: Әйел. Қоғам. Саясат» атты облыстық конференциясы өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті мен облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Әйел. Қоғам. Саясат» тақырыбында облыстық конференциясы өтті. Конференция жұмысына республикамызға, облысымызға танымал іскер, саясаткер әйелдер қатысты.

Конференцияның негізгі мақсатын Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын облыстың іскер әйелдерінің арасында түсіндіру, насихаттау. Маңгілік Ел идеясын қалыптастыруды нәзік жандылардың рөлін айқындау. Қазіргі таңда әйел азаматтары ғылым, білім, денсаулық, бизнес және т.б. салаларда жетіп артылады.

Конференция барысында «Рухани жаңғыру: Әйел. Қоғам. Саясат» тақырыбында ТарМПУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, облыстық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова, «Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының қоғамға үлесі» тақырыбында  облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Г.Нұрымова, «Қоғам – ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» тақырыбында «Білім саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Орынбаева сынды белді, әрі белсенді азаматшалардың баяндамалары оқылып, талқыға салынды.

Конференция қорытындысы бойынша облыстық іскер әйелдердің одан әрі атқаратын жұмыстары пысықталып, жалпыға ортақ қарар қабылдады және университет ректоры Д.Қожамжарова келген қонақтарға Баласағұн музейін таныстырды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support