РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



1917 жылдағы ақпан төңкерісінің Сырдария облысының жергілікті халықтың өміріне тигізген ықпалы

І дүниежүзілік соғыс патшалы Ресейдің әлеуметтік, экономикалық және саяси қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп, нәтижесінде халық төңкеріске шығып, 1917 жылдың ақпан айында патшаны тақтан құлатады. Патшаның тақтан құлауын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алады. Өйткені Ақпан революциясының жеңісі Ресей империясының құрамында болған барлық халықтарға бұрын болмаған көптеген ұлы демократиялық бостандықтар берді: саяси партиялар құру, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, түрлі митингілер ұйымдастыру мен манифестациялар бостандығы. Орталық езгінің құлауы Россия империясының шет аймақтарындағы оның ішінде қазақ халқы да, ұлттық-саяси бостандыққа жетуге жол ашады деп сенді.

Ресейдегі билікті қолдарына алғаннан кейін Уақытша Үкімет 1917 жылы 5 наурызда өзінің жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын мекемелер құру туралы қаулысын шығарып, облыс, уез, болыс және ауылдарда жаңа басқару орындарын құра бастайды. Бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ даласында да Уақытша үкіметтің билік орындары алғашқы кезеңде Азаматтық комитеттер есебінде пайда болды.

Бірақ бұл комитет шын мәнінде жергілікті халықтың мүддесін көздемеді. Сондықтан оған ұлттық зиялы қауым өкілдерінің наразылығы күшейіп, оларға қарсы тұру үшін Түркістан өлкесі мұсылмандарының комитеттері құрыла бастайды. Жаңа құрылған Қазақ комитеттері наурыз айынан бастап-ақ съездер өткізуге дайындық жасай бастады. «Қазақ» газеті «Съезд жасау» деген бас мақаласында неліктен съезд шақыру керектігін жазды. Съезд әуелі қазіргі болған өзгерістердің мақсат, мағынасын түсіну үшін, екіншісі, құрылтай жиналысына лайықты адамдарды сайлау мақсатында алдымен облыстық съездер өткізуге шақырды. Осы шақыруға орай барлық қазақ облыстарында ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен үлкенді-кішілі съездер өткізіледі. Бұл съездер қазақ қоғамында жалпы демократиялық сипат алып, сонымен бірге олардың ел өмірінде үлкен тарихи кезең тудырып, терең революциялық құлшыныс туғызды және онда жер мәселесі, мемлекеттік құрылыс, халыққа білім беру жүйесі сияқты кезек күттірмейтін мәселелерді қарайды [1, 31 б].  1917 жылғы сәуір-мамыр айларында өткізілген облыстық және уездік қазақ съездері, сол уақытқа орай ұлттық комитеттер жүйесін құрады. 1917 жылы сәуірде Торғай облысы қазақтарының съезі өтіп, оған Сырдария облысынан М.Шоқай, Минуар Қари, Әбдусәме Қары, Сарықұл Аллабергенұлы мен Ә.Басығарин қатысады [2, 10 б].  Жалпы облыстық қазақ съездерін бастап берген осы Орынбор қаласында өткен Торғай қазақтарының съезіне өкіл ретінде 300 адам қатысып, олардың арасында ақсақалдар мен дін басылар, мұғалімдер мен заңгерлер, дәрілерлер және тағы басқа да ұлттық зиялы қауым өкілдері қатысты. Съезді Торғай облысына Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалған Әлихан Бөкейханов ашады. Съезде бүкіл қазақ халқын біріктіру, оның мұқтажадарын анықтап, шешу үшін жалпы қазақтық съезд шақырып, ол үшін ерекше ұйымдастыру бюросын құру, қазақтарға міндетті түрде бастауыш білім беру, мектептерде алғашқы үш жылдарда ана тілінде сабақ жүргізу, мектептерді земствовалық және мемлекеттік қаражатпен қамтамасыз ету, қоныс аудару қорына алынған жерлер өз иелеріне қайтару және тағы басқа да  қазақ халқы үшін күрделі мәселелрге байланысты шешімдер қабылдайды [3, 21-35 бб].              Сондай-ақ 1917 жылдың 2-5 тамыз аралығында Ташкентте Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының жалпы съезі болып өтеді. Съезге Түркістан аймағындағы барлық аудандардан арнайы сайланып келген уәкілдер және арнайы шақырылмағандар да қатысады. Съезді басқарушы төралқаларының ішінде С.Асфандияров съездің құрметті төрағасы, М.Тынышпаев съезд төрағасы, төрағалық серіктікке А.Мангелдин, Ә.Кенесарин, С.Өтегенов, хатшылыққа З.Сейдаллин, Ш.Көпсаламов және С.Қожанов сайланады. Осы съезде «Түркістан өлкелік қазақ-қырғыздардың орталық Кеңесі» құрылады. Сонымен бірге съезде Сырдария облысының орталық атқару кеңесі құрылып, оған мүшелікке С.Өтегенов, Ә.Көтібаров, И.Қасымов, А.Тоқтыбаев, Т.Рысқұлов және С.Қожанов сайланады [4, 209 п].  Съезде бірорталыққа біріккен «Түркістан өлкелік қазақ-қырғыз атқару Кеңестерінің» жұмысын үйлестіру міндетін Сырдария облыстық қазақ атқару Кеңесіне жүктейді [4, 209 п].  Түркістан бір орталыққа біріккен қазақ-қырғыз Кеңесінің төрағалық міндетін алғашқыда Ибраһим Қасымов, хатшылық қызметін Тұрар Рысқұлов атқарса, кейін төрағалық міндеті Ә.Көтібаров өтеді [5, 71 б].  Ал М.Шоқай осы Кеңестің құрметті төрағасы болып сайланып, оның жалпы жұмысына басшылық жасайды. Осы жерде Сырдария облысындағы ұлттық ұйымдарды атауы қазақ-қырғыз Кеңесі деп аталғанын айтып кеткен жөн [6, 17 б].  Осы съезде қабылданған қаулыда «Түркістан аймағында қазақ-қырғыз Кеңесі ашылсын. Ал қазақ-қырғыз Кеңестері жоқ облыстарда тездеп облыстық қазақ кеңестері құрылсын»,-делінеді  [5, 71 б].  Осыған байланысты Сырдария облысында облыстық қазақ атқару Кеңесінің төрағасы Ә.Көтібаров, Перовск уезіндегі Кеңестің төрағасы алғашқыда Е.Қасымов, кейін Қ.Ибраһимов, Қазалыда А.Жанталин, Әулиеатада Ә.Кенесарин сайланды [5, 71 б].  Черняев уезінде де қазақ, қырғыз, өбек, тәжік секілді мұсылман халықтарының өкілдері өзара бірлікке ұмтылған жалпы мұсылмандық ұлттық орталығы болған «Мұсылман лигиясы» немесе «Мұсылман халық депутаттарының кеңесі» деген атаумен қоғамдық негізде біріккен ұйымда қазақ ұлттық қозғалысының өкілдері де өз ұлтының мүддесін қорғай отырып, қызмет атқарды. Черняевтағы жалпымұсылмандық ұйымда Х.Сейтов, Б.Жұмабаев, М.Байзақов, Б.Ешбатыров, Д.Досмұхамедов, Б.Қожабеков, Ж.Күнжарықовтар жүрді [5, 72 б].  Жалпы алғанда съезде «Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының тамызға дейінгі басты мәселелеріне және бұдан бұлайғы атқарылмақ шараларына талдау жасап, 18 тармақтан тұратын қаулылар қабылдады [7, 105 п ].  Бұл қаулылардың ішінде отаршылдыққа қарсы сипаты, әсіресе,, жер-су, переселен қаулысынан анық көрінеді. Жиырма тармақтан тұратын бұл құжаттың он төрт тармағы 1917 жылдың 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен тұңғыш жалпы қазақ съезіне қазақ зиялыларының жерге байланысты жасаған тұжырымдарына біршама өзгерістер енгізіліп, бағдарлама дәрежесінде қаулы етіліп қабылдады. [4, 207 п].  Түркістанда бұл кезде болған зорлық-зомбылық бұрынғы патша өкіметі кезіндегіден бетер өршіп кетпесе, кемімеген еді. Бар билікті өз қолдарына алған орыс жұмысшылары мен солдаттары революция мен оның құрбандарының пайдасына деп халықты тонап, әртүрлі салықтар түрін енгізеді.

Ақпан революциясынан кейін Сырдария облысында жұмысшы және солдат ұйымдары, әсіресе, бұл ұйым Черняев уезінде және оның Түркістан бөлімшесінде, Қазалы, Перовск уездерінде басқа қоғамдық саяси ұйымдар ішіндегі ұйымдық жағынан ең жақсы топтасқан ұйым болды. Бірақ бұл ұйымдар жергілікті халықтың ұлттық автономия құруына қарсы шығып, өлкеде өздерінің билігін толық орнатуға ұмтылып, мұсылман халықтарын, соның ішінде қазақтарды жан-жақтан қыспаққа алды. Мысалы, Ташкент аймақтық сот прокуроры И.Д.Барановский берген өзінің мәліметінде өлкелік және Сырдария облысындағы жұмысшы және солдат ұйымдарының қоғамдық қызметі жөнінде: «Жұмысшы және шаруа кеңестерінің қызметіне жергілікті халық жиі наразылықтар білдіреді. Жергілікті халық жағынан болатын жиі наразылықтарды олар өздерінің қоғамдық қызметінде туындатып отырады»,-деп көрсетті [8, 15 п].

Сонымен қатар Сырдария облысының басқару-әкімшілік билік орындарында қызмет атқарған қазақтар орыстар тарапынан қысымға ұшырай бастады. Мәселен Әулиеата уездік атқару комитетінің 1917 жылдың 28 маусымындағы уездік комитетке адамдар іріктеу ісіндегі отырысының №2 қаулысында: «Уездік комитет пен комиссариаттарда төраға түземдіктерден тағайындалмауы керек. Егерде мәселелер бойынша дауыс беру кезінде екі жақ бірдей дауыс жинаса, онда төраға дауыс берген жақтың шешімі қабылдануы керек»,-деген нұсқау беріледі [5, 86 б].  Осы комитеттің 1917 жылғы 18 тамыздағы отырысында комитет мүшесі Ә.Кенесаринге: «1916 жылғы қырғыз-қазақ көтерілісіне қатысты. Сөйтіп, қазақ-орыс ұлттарының ара қатынастарын шиеленісіп кетуін ұшықтырушы» деген айып тағылып, оны уездік комиссариттың құрамынан шығарды [5, 86 б].  Жергілікті ұлт өкілдеріне қолдау көрсетпеушілік Ташкент уездік атқару комитетіне де тән еді. Мәселен, уездік атқару комитетінің түз бөлімін басқарушы Сәтпаевқа «қызмет бабын жеке басының мүддесі үшін пайдаланды» делінген айып тағылып, шілде айының ортасында комиссарлық қызметтен босатылып, ісі сотқа беріледі де, абақтыға қамалады [8, 4 п].  Уақытша  Үкіметтің жергілікті жерлердегі әкімшілік билігін жүзеге асырушы азық-түлік комитеттерінің қызметінде де дәл осындай құбылыстар кеңінен тарады. Шілде айында болған саяси жағдай Ресей империясының әлсіреуіне өз ықпалын тигізді. Мәселен, башқұрттардың, татарлардың, мұсылмандар съездерінде және Орынборда өткен бірінші қазақ съезінде саяси оқиғаларға делегаттар өз көзқарастарын білдіріп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге талдау жасаған еді. Ресей империясының барлық жерлеріндегі ұлттық-саяси өрлеулер Түркістанның да саяси жағдайына ықпал жасады. Әрине, мұндай саяси өмірге белсенділік Түркістан аймағы қазақтары арасында да болғандығы даусыз. Осы арада айта кетер бір мәселе – Сырдария облысындағы Уақытша Үкімет билігі тұсында түрлі атаулармен белгілі болған, европалық нәсілдер басым қызмет атқарған әскери-азаматтық комитеттер, Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті, түрлі қоғамдық ұйымдар кірген делегаттар Кеңесі, Қоғамдық Қауіпсіздік Комитеттері және тағы басқа да сол секілді құрылымдар жергілікті жерлерде өкімет билігін жүзеге асыруға тырысқанымен, қазақ, қырғыз мәселесіне қатысы бар көкейкесті істерге оң сыңай танытпай, осы мәселені әр түрлі сылтаулармен кейінге қалдырып отырды. Дәлірек айтсақ, жер, автономия, тіл және тағы басқа да осы секілді өзекті мәселелерді шешуде бар мәселені Құрылтай жиналысына қалдырып, пәрменді шаралар жасай алмай, өз қызметтерінде дәрменсіз салғырттық танытты.

1917 жылдың екінші жартысында барлық қазақ облыстары секілді Сырдария облысында да қоғамдық-саяси өмір шиеленісіп, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы мүлдем ауырлап кетті. Нақтылап көрсетсек Сырдария облысында егін егетін жердің көпшілігіне мақта егілгендіктен өлкеде аштық басталған болатын. Аашаршылықтың күрт күшті етек алып кеткендігі сондай – аш қазақтардың жағдайы тіпті мүшкіл күйге түсті.   Ресейден Түркістанға 30 000 пұт астық бөлінгенімен, революцияның салдарынан теміржолдар істен шығып, астықтың бәрі Түркістанға жете алмай жолда тоқтап қалды [9, 8 п].  1917 жылы мамыр айының аяғында Түркістан комитетінің төрағасы Щепкин Петербургке кетіп, Ташкентте комитеттің 2 мүшесі Ельпотевский мен Липовский қалады. Түркістан комитетінің төрағасы болып В.П.Наливкин тағайындалады. Наливкин Түркістанды өте жақсы білгенімен, оны өз деңгейінде басқара алмайды

Түркістанның саяси жағдайы күннен-күнге ауырлай түсті. Өлкеде большевиктер мен сошыл-революционерлердің ықпалы күшейіп, саяси билік біртіндеп Уақытша Үкіметтің Түркістан комитетінен кете бастады.

Ақпан революциясынан кейін Уақытша Үкіметтің Түркістандағы түрлі атаумен белгілі болған билік мекемелері мен қоғамдық негізде құрылған жергілікті халықтардың ұлттық ұйымдары арасындағы қарым-қатынас өзара үйлесімді, ірі қайшылыққа толды. Уақытша Үкіметтің Түркістандағы басқару-әкімшілік мекемелерінің қызметіндегі мұндай шарасыздықтарды Ұлттық Ұйымдармен бірлесе отырып, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуде ортақ шешімдер, тұжырымдар жасау қиынға соғып, көп жағдайда екі арада қайшылықтар мен талас-тартыстардың көптеп туындауына әкеліп соқтырды. Уақытша Үкіметтің билігі тұсында Түркістандағы ұлттық ұйымдардың түрлі бағыттағы қоғамдық-саяси қызметі жөнінде көрсеткенде билік мәселесіндегі өзара талас-тартыстары және өзара ішкі өзгерісболып тұрды. Мәселен, бүкіл Түркістандағы өлкелік күйіне ықпал жасаған М.Қари басқарған «Шора-Исламия» мен С.Лапин басқарған «Ғұлама қоғам» арасындағы өзара бітіспес тартыстар ұлттық қозғалысты әлсіретіп, дұшпандардың қолдарына қару берді [5, 96 б].  Ресей құрамындағы басқа халықтар сияқты Қазақстан, Түркістан халықтары да көп үміт артқан Құрылтай жиналысына тізім жасауда 1917 жылдың қазан айының екінші жетісінде Ташкентте «жамия қоғамы» мен «Ғұламалар қоғамының» шақыруымен «Түркістан және Қазақстан» мұсылмандарының съезіне, сондай-ақ 1917 жылдың 17-20 қазан аралығында Түркістан қаласында (Черняев уезі) С.Лапин мен Шымкенттік ишан Садық қожа басқаруымен болған «Ғұламалар қоғамының» сырдария облыстық мұсылмандар съезіне осы облыстан Құрылтай жиналысына баратын депутаттарды сайлау тәртібі ешқандай сын көтермеді.

Сонымен қатар Сырдария облысы Перовск уезінде Е.Қасымов басшылық еткен уездік ұлттық комитет пен Х.Ибраһимов басқарған қазақ депутаттарының кеңесі арасындағы өзара қатынас талас-тартысқа құрылып, ауыз бірлік таппады. Бұл екі арадағы өзара кикілжің қазан революциясынан кейінгі уақытта да жалғаса береді. Осындай жағдайда жаңа орыс билік мекемесі – жұмысшы, солдат депутаттарының кеңесі өкілдері Ақмешіттен Ташкентке дейінгі аралықтағы Жөлек, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс және басқа жерлердегі халықты ашықтан-ашық талап, зорлық-зомбылықтарын жүргізді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support