РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



Әлмұратов Бақыт Темірханұлы

< Артқа қарай

Әлмұратов Бақыт Темірханұлы 1975 жылы 16 маусымда Жамбыл облысы Свердлов (Байзақ) ауданы, Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепті медальмен аяқтады. Сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саяси-экономия мамандығына оқуға түсті. Шетел елдерінде мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 1992-1993 жылдары Анкара универститеті, Тіл үйрету орталығында (Түркия Республикасы), 1993-1998 жылдары Хаджеттепе университетінде (Түркия Республикасында) оқыды. Мамандығы социолог-әлеуметтанушы.

1999 жылы еңбек жолын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.

2011-2012 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде магистратурада оқыды. Психология мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер магистрі.

2003-2004 жж. Жамбыл облысы әкімінің ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы.

2004 жылдан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

2007 жылдан «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2012 жылдың наурыз айынан бастап, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынын Облыстық жасөспірімдер үйінің директоры.

2013 жылдың тамыз айына дейін, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі.

2013 жылдан бастап, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тестілеу орталығының бастағы.

2017 жылдан бастап, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тіркеуші офисінің директоры.

Марапаттары:

03.04.2011 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы, Астана;

11.11.2011ж Юбилейный медаль "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл";

29.11.2011ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығына Жамбыл облысы әкімінің Алғыс Хаты;

01.10.2013 ж. Жамбыл облысы әкімінің Алғыс Хаты;

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support