Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Ресей мен Қазақстанның ЖОО-ның ректорларының қатысуымен форум өтті

Ресейдің Челябинск қаласында екі елдің жоғары оқу орындарының басшыларының қатысуымен XIV ректорлар форумы өтті. Форумға Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарғы 160-қа жуық жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысты.

Форумның мақсаты білім беру үрдісін жаңғырту, ақпараттық технологияларды жетілдіру, студенттердің ғылыми деңгейін көтеру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері де сөзге тиек етілді.

Аталмыш форумға оқу орнының ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарова қатысуда. Секциялық жұмыстарда 50 жылдық тарихы бар оқу орнының жеткен жетістіктері мен білім берудегі жаңашылдықтарын, педагог кадрлар даярлау саясатындағы озық үлгілерін өз әріптестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, форум аясында 50-ге жуық меморандумға қол қойылды. Оның ішінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Ресейдің үздік педагогикалық 3 оқу орнымен білім беру мен ғылымды дамыту бағытында екі жақты мемарандумға қол қойды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support