РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



Редакциялық баспа бөлімі

1999 жылдың мамыр айында Тараз қаласындағы 3 жоғары оқу орны қосылып, Жамбыл университеті құрылды. Осы жылдың қараша айында университет жанынан редакциялық – баспа бөлімі ашылып, оны М. Маханов басқарды.

2004 жылы жеке құрылым болған редакциялық баспа бөлімін Ғ.Көшербаев басқарды, 2011- 2012 оқу жылында бөлім жаңадан ашылған « Медиа- орталық» құрамына еніп, баспа және дизайн секторы ретінде қызметін жалғастырды.

2014 жылы бөлімді Қожымбетова Р.К. басқарды.

2015-18 жылдар аралығында редакциялық баспа бөлімін Жирентаева  Б.О. басқарды.

Жаңа 2018-19 оқу жылында бөлімнің техникалық сектор жетекшісі болып Абдрасилов А.И. тағайындалды. Бөлімде 6 қызметкер еңбек етуде. РББ қызметкерлері штаттық орын бойынша белгіленген және мына құрамда берілген.

1.Бөлім басшысы

2.Техникалық баспа секторының жетекшісі

3. Суретші-безендіруші

4. WEB-дизайнер

5. Маман-3 штаттық бірлік.

Редакциялық – баспа бөлімінің басты мақсаттарының бірі оқу- әдістемелік оқулықтар, монографиялар, ғылыми жинақтар, бланктік және жарнама өнімдерін жыл сайын еселей шығару болып табылады.

Бөлімнің материалдық- техникалық қоры мен жарақтандырылуы жыл сайын жақсартылып келеді.

Университет құрылымдары мен факультеттердің, деканаттар мен кафедралардың, профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми жобалар мен студент жастардың жаңашыл ізденіс жұмыстарының редакциялық-техникалық ерекшеліктері мен дизайны, қайта түзетілуі мен терілуі, түптелуі, кітап, журнал болып шығуы - осы бөлімнің  міндетінде. Қазіргі заманауи техникамен жабдықталған редакциялық  баспа бөліміндегі қызметкерлер отандық және шетелдік полиграфиялық жетістіктерді, полиграфиялық өндіріс технологиясын жетік меңгерген. Мұнда полиграфиялық тапсырыстарды беру мен қабылдаудың, олардың орындалу тәртібі мен түрлерінің, қалыптары мен полиграфиялық заңдылықтарының реттелген үрдістері қалыптасқан. Қазіргі таңда редакциялық баспа бөлімінің жұмысы университеттің оқу үрдісінде пайдаланылатын  оқулықтарды, оқу- әдістемелік құралдарды, нормативтік құжаттарды, бланктерді, халықаралық, республикалық, облыстық конференциялардың бағдарламаларын, ғылыми жинақтарын, облыстық, аудандық, қалалық, университетішілік дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық семинарлар, университеттің «ТарМПУ Хабаршысы» ғылыми- педагогикалық журналының және басқа да  баспа  өнімдерін шығару бағыттары бойынша нәтижелі жетістіктермен көрінуде. Сонымен қатар мұнда баннер, билборд, стенд эскиздері жоғары деңгейде орындалып, университетіміздің беделі мен келбетін Жамбыл облысы мен бүкіл республикаға танытуда.

Заман талабына сай уақытпен үндесе жұмыс істеп тұрған баспа бөлімі жаңа белестер мен шығармашылық шыңдарға нық қадам басып келеді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе