РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



Редакциялық баспа бөлімі

1999 жылдың мамыр айында  Тараз қаласындағы 3 жоғары оқу орны қосылып, Жамбыл  университеті құрылды. Осы жылдың қараша айында университет жанынан редакциялық – баспа бөлімі ашылып, бөлімнің ашылуына сол кездегі облыс әкімі А. Тшанов қатысып, бөлімге ризограф сыйлады. Редакциялық баспа бөлімінің бастығы болып М. Маханов тағайындалды.

2011-2012 оқу жылында бөлім жаңадан ашылған «Медиа- орталық» құрамына еніп, баспа және дизайн секторы ретінде қызметін жалғастырды. Секторды Ғ. Көшербаев басқарды.

2014 жылдан бері жеке құрылым болған редакциялық баспа бөлімін Р. Қожымбетова басқарды. Ал, 2015 жылдан бастап аталған бөлімде Б. Жирентаева басшылық етуде.

Редакциялық – баспа бөлімінің басты мақсаттарының бірі оқу- әдістемелік оқулықтар, монографиялар, ғылыми жинақтар, оқу үрдісіне қажетті құжаттар, әкімшілік іс-қағаздары,  бланктік және жарнама өнімдерін жыл сайын шығару болып табылады.

Бөлімнің материалдық- техникалық қоры мен жарақтандырылуы жыл сайын жақсарып келеді.

Қазіргі заманауи техникамен жабдықталған редакциялық баспа бөліміндегі қызметкерлер отандық және шетелдік полиграфиялық жетістіктерді, полиграфиялық өндіріс технологиясын жетік меңгерген. Мұнда полиграфиялық тапсырыстарды беру мен қабылдаудың, олардың орындалу тәртібі мен түрлерінің, қалыптары мен полиграфиялық заңдылықтарының реттелген үрдістері қалыптасқан.

Қазіргі таңда редакциялық  баспа бөлімінің жұмысы университеттің оқу үрдісіндепайдаланылатын оқулықтарды,оқу- әдістемелік құралдарды, нормативтік құжаттарды, бланктерді, халықаралық, республикалық, облыстық конференция-лардың бағдарламаларын, ғылыми жинақтарын; облыстық, аудандық, қалалық,университетішілік дөңгелек үстелдер, ғылыми - практикалық семинарлар; университеттің «ТарМПУ Хабаршысы» ғылыми - педагогикалық журналының, «Түркістан жинағы» атты ғылыми мақалалар мен очерктер жинағын және басқа да  баспа  өнімдерін шығару бағыттары бойынша нәтижелі жұмыстар жасалуда.

Сонымен қатар мұнда баннер, билборд, стенд эскиздері жоғары деңгейде орындалып, ЖОО-ның беделі мен келбетін Жамбыл облысы мен бүкіл республикаға танытуда.

Заман талабына сай уақытпен үндесе жұмыс істеп тұрған баспа бөлімі жаңа белестер мен шығармашылық шыңдарға нық қадам басып келеді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support