Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» АТТЫ I-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Қала күні қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани тәрбие» атты мақаласында көзделген рухани жаңғырудың , адамгершілікпен, мейрімділіктің негізін қалыптастыру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Ұстаздар қауымы студенттерге біліммен қатар, тәрбиеніде бірге беруді ұмыт қалдырмайды. Оларды рухани бай, санасы жаңғырған ұрпақ ретінде қалыптастыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның бірден бір дәлелі өнерлі жастардың ұйытқы болуымен Тараз қаласында орналасқан №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында өткен концерттік бағдарлама.

«Қала күні» мерекесі қарсаңында өткен іс-шарада қарттарымызды мерекемен құттықтап, өнерлі жастар әсем әуендермен, мың бұралған бишілердің биімен тарту тартты. Қарттарымыз сағындырған әндерден қосыла ән салып, би билеп, көңілдері көтеріліп жастарға деген алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support