РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Стратегиялық даму және инновация жөніндегі проректор

Шертаев Ерман Тельманович


Шертаев Ерман Тельманович 1965 жылдың 30 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

1982-1987 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша білім алып, үздік аяқтады.

1987-1990 жылдары КазҒЗИ Гипрофосфор, электротермия лабораториясының инженері болды.

1990-2006 жылдары ҚазХТИ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ инженер, аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а., доцент, ОӘБ бастығының орынбасары, оқу бөлімінің бастығы болды.

1996 жылы техника ғылымдары бағыты бойынша кандидаттық диссертациямды табысты қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленді.

2002 жылы «Қауіпсіздік» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

2006-2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының Ақмола филиалының деканы болды.

2007-2009 жылдары ҚР БҒМ бас маман жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі департаменті, білім және ғылым саласының бақылау комитеттерінде қызмет атқарды.

2009-2012 жылдары Қазақ технология және бизнес университетінің кафедра меңгерушісі, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары Тұран-Астана университетінің кадр бөлімінің бастығы, «Құқық» факультетінің деканы болды.

2013-2014 жылдары Қазақ технология және бизнес университеті ОӘБ бастығы, «Техника және технология» факультетінің деканы, «Химиялық технология және экология» кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті қызметін атқарды.

2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры қызметінде болды.

2015-2018 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2018 жылдың қаңтар айынан Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және инновация жөніндегі проректоры.

Өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мен тәрбиелеу және өңірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін мынадай мемлекеттік марапаттар мен Құрметті атақтарды иеленді:

Ғылыми жұмыстағы жетекшілігі үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің алғысы, 1996 ж.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісі, 2012 ж.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2017 ж.

Отбасылы, екі баласы бар.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support