РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық –  бұл білім алушы немесе оқытушы-зерттеушінің белгілі бір академиялық кезеңде («оқу» немесе «өндірістік тәжірибесін» қоса есептегенде), яғни семестр немесе оқу жылында, оқу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа (қазақстандық немесе шетелдік) ЖОО-на белгіленген тәртіпте, меңгерілген білім беру бағдарламасының кредиттер түрінде міндетті түрде өз ЖОО-да қайта сынақ тапсыруымен орын ауыстыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында: Қазақстандық және шет елдердің ЖОО жетекші оқытушыларын шақыру, алыс және қашық мемлекеттермен алмасу бойынша студенттерді 1 немесе оданда көп семестрге білу алуға жіберу және қабылдау.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі бағытта қызмет атқарады:

  1. Ұлттық (ішкі) академиялық ұтқырлық
  2. Халықаралық (сыртқы) академиялық ұтқырлық

Халықаралық академиялық ұтқырлық

Халықаралық академиялық ұтқырлық  - бұл білім алушылардың,оқытушы-зерттеушілердің кредиттік білім беру бағдарламасын өз жоғары оқу орнында міндетті оқыту үшін немесе өзге жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу үшін белгіленген академиялық мерзім бойынша 1  семестрге шетелдік жоғары оқу орнына барып-келуі.

Конкурстық іріктеу

Конкурсқа 2-4 курс бакалавр студенттері қатыса алады. (3-7 семест)
Конкурс және құжатты қабылдау жылына екі рет-қазан және наурыз айларында болады, және екі кезеңнен тұрады:

  • Халықараларық байланыстар орталығына  көрсетілген мерзімдіе толық құжаттар тізімін өткізу (құжаттарды қабылдау туралы ақпарат университеттің  ресми сайтында көрсетіледі)
  • ЖОО мен факультет деңгейіндегі кандидаттарды конкурстық іріктеу. Конкурсттың комиссия құрамы: ОӘЖ проректоры, факультет декандары және басшылар.  Конкурстық комиссияның отырысының қорытындысы бойынша шетелдік серіктес ЖОО-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға баратын студенттер туралы хаттама дайындалады.

Ниет білдірушілер шет елге оқуға екі тілде (орысша/қазақша-ағылшынша) өтініш жазуы және Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған сауалнаманы толтыруы қажет.

Міндетті шарттар:
• Жақсы немесе өте жақсы үлгерім
• Ағылшын тілін Upper-intermediate немесе  Advanced деңгейінде білу.
• Жарамды шетел төлқұжаты

Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш
  2. Кафедра меңгерушісінен ұсыныс хат, деканат мөрімен
  3. Тілдік сертификаттар (IELTS, TOEFL)
  4. Шетел төлқұжатымен жеке куәлігінің  көшірмесі
  5. Жеке оқу жоспары
  6. Транскрипт
  7. Академиялық халықаралық ұтқырлық бағдарламасы аясында шет елге шығуға  білім алушының ата-анасынан келісім хаты
  8. Медициналық анықтама (082/у форма)

Оқу мерзімі аяқталғаннан  соң қабылдаушы ЖОО білім алушыларға сертификаттар мен траскприп және  оқу нәтижесін беруі тиіс.

Ұлттық  академиялық ұтқырлық

Ұлттық  академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің құжаттарын қабылдау және тіркеу критерийлері.

ТарМПИ студенттері өздерінің мамандықтары бойынша  басқа Қазақстандық  ЖОО–на   бір семестр аралығына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алмаса алады.

Конкурстық іріктеу:

- Конкурсқа 2-3 курс студенттері қатыса алады. Конкурс және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау  жылына 2 рет – қазан және наурыз айларында және 2 кезеңнен тұрады:

- Көрсетілген мерзімге дейін толық керекті құжаттарды халықаралық байланыстар орталығына  өткізу(құжаттарды қабылдау туралы ақпарат институттың ресми сайтында хабарланады);

- Білім алушылардың өтініштері негізінде факультет деканы кафедра меңгерушісімен бірге шетел әріптес ЖОО-мен ынтымақтастық туралы Меморандумның мүмкіндіктерін қарастырады және халықаралық байланыстар орталығына хаттама  жолдайды.

- Өтініш беруші оқуға  (сондай-ақ, ECTS факультеті үйлестірушісі, ECTS университет үйлестірушісі ) және жіберуші-білім алушы-қабылдаушы  серіктес ЖОО-мен  үш жақты келісімге қол қояды.

- Барлық  оқу мерзімі (бір академиялық кезең - семестр) барысында студенттер қабылдау шы серіктес  ЖОО оқиды. Оқу барысында білім алушы аталған оқу кезеңіндегі барлық қаржылай шығынды өз тарапынан төленеді.  Жағдайы оқыту (грант / коммерциялық) өзгеріссіз қалады.

- Оқу мерзімі аяқталғаннан соң қабылдаушы ЖОО студенттің оқу нәтижесін транскрип берілуі тиіс.

Талап етілетін құжаттар:

  1. Өтініш
  2. Декан атынан ұсыныс хат
  3. ТарМПИ студенттінің жағдайы туралы ақпарат (деканат).
  4. Транскрипт
  5. Жеке оқу жоспары
  6. Жұмыс оқу жоспары
  7. Жеке куәлік көшірмесі

Флюорография (жатақханаға)

 

Отчет по академической мобильности (Скачать)

Фотоотчет по академической мобильности Яшинского Валерия. Республика Литва, город Каунас, Университет Витовта Великого (Vytauto Didžiojo universitetas) (Скачать)

Фотоотчет по академической мобильности Атабаевой Азизы. Республика Польша, город Лодзь, Лодзинский университет (ЛУ). Учебный семестр 01.10.2017- 28.01.2018гг. (Скачать)

Зимний семестр (2017-2018) Pädagogische Hochschule Schwäbisch Gmünd (Скачать)

2017-2018 оқу жылы Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы (Скачать)

Отчет студентов Таразского Государственного Педагогического Университета: Кенжебаевой Надиры и Алимкуловой Айгерим, Яшинского Валерия и Сабировой Рамины об обучении по программе международной академической мобильности по специальности «Математика» и «Информатика» (Скачать)

“Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша Польша мемлекетінің Лодзь қаласында өтілген 2016-2017 оқу жылының бірінші жартысы бойынша оқу есебі (Скачать)

Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар (Скачать)

Академическая мобильность (Чехия) (Скачать)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе