РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



Халықаралық бағдарламалар

ҚАЗАҚСТАН

Халықаралық «Болашақ» стипендиясы - Қазақстан Республикасының президенті тағайындаған жастарға шетелде ЖОО-да  білім алу мүмкіндігі және ғылым, педагогика, инженер-техникалық  және медицина саласындағы қызметкерлерге шет елдік ұйымдарда тәжірибе жинақтау.

Толық ақпарат bolashak.gov.kz

АҚШ


Шетел студенттеріне арналған Фулбрайт бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени және ғылыми қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Бағдарлама толығымен АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырылады.

Толық ақпарат usembassy.gov

ГЕРМАНИЯ


DAAD бағдарламасы

Германия және Қазақстан арасында барлық бағыттар бойынша ғылыми ынтымақтастыққа жетекшілік етеді және кеңейтілген стипендиалды бағдарламалар шеңберінде барлық бағыттағы қазақстандық студенттерді, жоғары оқу орындарының түлектерін және ғалымдарды қаржыландырады

Толық ақпарат daad.de

ФРАНЦИЯ


Қазақстандағы Франция елшіліктерінің  стипендиялық бағдарламасы.

Толық ақпарат campusfrance.org

ЕУРОПА ОДАҒЫ


Эразмус+ бағдарламасы -білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуын арттыруға мақсатталған. Эразмус+ атауы бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді.

Толық ақпарат europa.eu

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе