РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



ТарМПИ Ташкентте өткен білім көрмесіне қатысты

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Ташкентте өткен «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесіне қатысты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйытқы болған шара барысында аталған ел азаматтары оқуға түсе алатын еліміздің жетекші 37 жоғары оқу орны таныстырылды.

22-23 мамыр күндері «УзЭкспоцентр» кешенінде ұйымдастырылған көрмеде педагогикалық оқу орнының өкілдері өзбекстандық мектеп оқушылары мен студенттерге институт туралы жан-жақты әрі толыққанды ақпарат беріп, өз кеңестері мен мүмкіндіктерін ұсынды.

Іс-шараның мақсаты – Орталық Азия елдерінің жастарына қазақстандық жоғары білім беру жүйесі мен еліміздегі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламаларымен жете танысуына мүмкіндік туғызу және отандық университеттерге студенттер тарту.

Көрменің ашылу салтанатында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Зүлфия Төребекова, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университетінің ректоры Гүлнар Тоқмурзиева, Ресей-Тәжік (Славяндық) университетінің ректоры Нұралы Салихов сөз сөйлеп, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының одан әрмен нығаюына зор септігін тигізетіндігін атап өтіп, бұл бауырлас мемлекеттердің әрі қарай дамуына жол ашатынын айтты.

– Көрме аясында өзбекстандық 37 мектеп оқушысы ТарМПИ-ға оқуға түсуге ынта білдірді. Сонымен қатар, Өзбекстанның қазақтар көп шоғырланған Науаи облысының басшылығымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылды. Бүгінде аталған өңірде 1 жарым миллионға жуық қазақ, 400 қазақ мектебі бар екен, – дейді Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының басшысы Назым Дүйсенова.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support