Педагогика факультетінің деканы

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАГИСТРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТЫЛАДЫ: 6М010900 – МАТЕМАТИКА, 6М011000 – ФИЗИКА, 6М011300 – БИОЛОГИЯ, 6М011400 – ТАРИХ, 6М011800–ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ, 6М010300 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, 6М011200 – ХИМИЯ, 6М011900 - ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТЕЛ ТІЛІ, 6М012300 – ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ



Педагогика факультетінің деканы

ТАСЖҮРЕКОВА ЖҰМАГҮЛ ТІЛЕУҚЫЗЫ

Факультет деканы

Ж.Т. Тасжүрекова 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1980 жылы мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесін бітірген. 1984 жылы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын үздік аяқтады. Ленин стипендиясының иегері. 1989-1993 жылдар аралығында М.П. Драгоманов атындағы Киев мемлекеттік педагогикалық университеті жанында ғылыми стажировкадан өтіп, күндізгі аспирантурада оқыған. 1993 жылы «13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Формирование добросовестности у детей старшего дошкольного возраста» атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. 2004-2007 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде қызмет атқара жүріп, «Жалпы педагогика» кафедрасында докторантурада оқыды. 2010 жылы «Педагогика доценті» ғылыми атағы берілді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 31 жылды құрайды. 1984 – 1996 жылдар аралығында Талдықорған педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі педагогика» кафедрасының оқытушысы, ал 1997-2015 жылдар аралығында ТарМПУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы қызметтерінде жұмыс атқаруда. 50-ден аса ғылыми мақаласы мен «Формирование нравственно-этических норм у детей старшего дошкольного возраста» и «Педагогическая технология реализации предмета «Самопознание» в условиях детского сада» тақырыбы бойынша екі ғылыми-әдістемелік құралдары жарық көрді.

Байланыс телефоны: +7 705 219 44 13

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support