РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



Ректордың үндеуі

РЕКТОРДЫҢ ТАЛАПКЕРГЕ ҮНДЕУІ


Қадырменді түлектер!

Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын! Бұл мейрамды сіздер өз еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіздің нəтижесінде, қиын сынақтан өтіп, жасап отырсыздар. Сіздердің ата-аналарыңызға жəне мектеп ұжымына өзімнің құттықтауымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Бүгін олар сіздер үшін қуанып, сіздерді мақтан тұтады. Өмірде сіздерге əлі талай рет қиындықтарды еңсеру, қиын мəселелерді шешу жəне кез келген істе нəтижеге қол жеткізу қабілеті керек болады. Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – өз қолдарыңызда. Біз сіздің болашағыңыздың сапалы білім алумен байланысты болғанын қалаймыз.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер қоғам талабынан туындап отырғаны белгілі. Қазіргі біздің қоғам өз дамуының жаңа серпінді кезеңіне аяқ басты. Қазақстан сапалы білім алған, сонымен бірге көкірегінде ұлттық намысы бар тұлғалардың еңбегімен көркейеді.

Мемлекетіміздің білім беру жүйесі әлемдік қауымдастыққа нақты қадам жасауда. Еліміз дамыған елдер қатарына кіруді мақсат етіп отырған тұста, ең бастысы білім сапасының жоғары деңгейде болуы шарт. Жалпы білім мен тәрбиенің бастауы ұстазда. «Ұстазсыз ұлық шықпас» дейді дана халқымыз. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде сарқылмас еңбек ететін ұстаздың еңбегі зор. Ал, сол ұстаздардың білікті де білімді болуы – заман талабы.

Заманның талабын танып, білікті маман иесі атану – жастардың еншісі. Жастарды нағыз маман етіп даярлау – еліміздегі ЖОО-ның басты бағыты. Солардың бірі – оңтүстік аймақтағы ілгері оқу орындарының бірі саналатын Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

Институттағы оқу үдерісі жаңа білім беру технологияларын, жаппай компьютерлендіру және ақпараттандыру оқытудың жаңа технологияларын енгізуге бағытталған.

Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, тəуелсіз Қазақстанның құрметті азаматтары болуға тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, амандық, оптимистік көңіл-күй, шығармашылық шабыт жəне оқуда жетiстiктер тiлеймiн! Тəуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтары болыңыздар! Еңбек пен күш-жігерлеріңізді еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмсаңыздар!

 

Ізгі ниетпен,  Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support