РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Тарихы

«Қазақстан тарихы» кафедрасы - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті құрамындағы тарихшы-педагог мамандар дайындауда жетекші орын алатын кафедраның бірі.

«Марксизм Ленинизм» кафедрасының тұңғыш меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ә. Әділов болды. Кейінгі жылдарда бұл кафедра «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» және «Философия және политэкономика» кафедралары болып екіге бөлінді. Ш.Ә. Әділов «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасының меңгерушісі болып бекітіліп,  кафедраны 1967 жылдан 1978 жылға дейін басқарды.  Ш.Ә. Әділов университетте ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп,  жоғары оқу орындарында тарих сабағын оқытудың көптеген жаңа әдістемелерін енгізді. Мәселен 1972 жылы 28 қарашада Ш.Ә.  Әділов университет Кеңесінде «Оқу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану тақырыбында баяндама жасады. Ш.Ә. Әділовтың баяндамасын негізге ала отырып, университет көлемінде оқыту методикасына аса көңіл бөлініп, білім берудің сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді және университеттегі екі дәрісхана киноаппаратуралармен жабдықталды. 1970 ж. Ш.Ә. Әділов жетекшілік жасаған  білімгер М. Кокушеваның баяндамасы педуниверситетте ұйымдастырылған бірінші студенттік ғылыми конференцияда жоғары бағаланып, республикалық іріктеуге ұсынылып, «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Бұл университет тарихындағы бірінші грамота еді.

Ш.Ә. Әділов басқарған кафедрада алғашқы жылдары  7 оқытушы қызмет етіп (оның 3-і ғылым кандидаты), профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі 42,85 пайызды құраған (1971 жылдары). Кафедра оқытушылары негізінен марксизм-ленинизм ілімінен дәріс беріп, университет көлемінде теориялық және методологиялық семинарлар өткізді. Бұл семинарларға Ш.Ә. Әділов пен К.Е. Хон жетекшілік жасады. 1970-80 жылдар аралығында кафедра оқытушылары ғылыми деңгейін көтеру бағытында үнемі ізденісте болды. Мысалы: Б.Садықов, Ж.С. Жайсанбаев, Т.О. Омаров кандидаттық диссертация тақырыптары бойынша және Ш.Ә. Әділов, Ю.П. Киселев, Р.М.Мылтықбаевтар докторлық диссертация жұмыстары көлемінде ғылыми ізденіс жүргізді.

«КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасы ұжымы «КПСС ОК мен ССР Министрлер Кеңесінің: 1978-1979 жылдардағы ЖОО-ң жүйесі мен мамандар дайындау» ісін дамытуға бағытталған қаулысын басшылыққа ала отырып,  ғылыми бағытта көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді, кафедра мүшелерінің көпшілігі  біліктілікті көтеру институтынан өтті. 1978 жылдары кафедраның барлық оқытушылары ғылым кандидаттары болып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі «рекордты көрсеткіш» 100 пайызды құрады. 1979-1981 жылдары  «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты  О.К.  Жылысбаев басқарды.1980 жылдары «КПСС тарихы мен ғылыми коммунизм» кафедрасының ұжымы «Жамбыл облысының партия ұйымы тарихының очерктері»  тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1982-1987 жылдары «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Ш. Аманов басқарды

Осы жылдары кафедрада доценттер: Адилов Шабден Адилович, Киселев Юрий Павлович, Мылтықбаев Рымбек, Омаров Таласбек Омарович, Полякова Вера Терентьевна; аға оқытушылар: Сарсенбаев Юсуп Қасымович, Сламбеков Зарикбек; оқытушылар: Байлыбеков Рахметолла, Қожамжарова Дариягүл Пернешовна жұмыс жасады.

Қазақстанның Ресейге қосылуының 250-жылдығына және КСРО құрылуының 60-жылдығына арнап доцент Р.М. Мылтықбаев «От Тараза  до Джамбула» мақаласын «Білім және енбек» журналында (1982, № 7) жариялады. Бұл мақалада Ленинград университетінің профессоры археолог А.И. Бернштамның біздің қаламыздың тарихына қатысты қызықты зерттеулері туралы мәліметтер келтірілді. «Білім және енбек» журналы редакциясының шешімімен доцент Р.М. Мылтыкбаевқа 1982 жылғы журнал лауреаты атағы берілді.

1982 ж. наурыз айында университетте студенттік құрылыс отрядтары ұйымдастырылып, комсомол Обкомы бюросының райштаб мүшелері анықталды. Райштаб командирі - КПСС тарихы және ғылыми комунизм кафедрасының оқытушысы А.Б. Абдуалиев, ТҚ қауіпсіздігі инженері - оқытушы  З.С. Сламбеков болып бекітілді.

1987-88 оқу жылы Ш.А. Адилов, 1988-89 оқу жылы М.Д. Бондарь кафедра меңгерушілігі қызметін атқарды.

Миссиясы

Кафедраның миссиясы: Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің барлық талаптарына сай жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлерді дайындау мақсатында инновациялық технология негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет нысаны: Маман-тарихшының кәсіби қызмет нысаны жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын баспалар, білім департаменттері, тарих пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттары, мұрағат және мұражай қызметкерлері, орта кәсіптік білім беретін мекемелері.

«Қазақстан тарихы» кафедрасы төмендегідей мамандықтар бойынша студентер мен магистрлер дайындайды:

Бакалавр
1) 5В011400 - Тарих
Магистратура
2) 6М011400 - Тарих

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. С.Т.Тоқболат. Кафедрада 6 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы және 3 оқытушы 3 ассистент қызмет етеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: тарих ғылымдарының кандидаттары – С.Т. Тоқболат, Б.Ә. Жүрсінбаев, З.С. Тоқбергенова, О.М. Қоңыратбаев, В.Т. Полякова, Б.О. Мырзабеков; аға оқытушылар - Б.Т. Қозыкеева,  Г.Т. Төлегенова, Е.Т. Байболов; оқытушы-магистр Сайдсултанова Қ., Юсупджанов Т.Ю. ассистенттер-магистрлер–  Абиева Ұ.Б,  Рахимова А.А , Исаев З,  кафедра лаборанты А.А. Қалдыбекова.

Қазіргі таңда «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және тиiмдi пайдалану, сонымен қатар,  ұлттық  және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы тарихшы  мамандар даярлау үшін білім беру жолында қызмет етуде.

Кафедрада 2012 жылдан бастап «Академиялық ұтқырлық» аясында Қазақстан мен шет елдердің жетекші ЖОО-ында бірқатар білімгерлеріміз білім алуда.

Профессор-оқытушылар құрамы ұдайы өз біліктіліктерін арттыру мақсатында, атап айтқанда: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында,  Назарбаев зияткерлік мектептері жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығында,  Назарбаев зияткерлік мектептері жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығында, Professional Development of Educational and Research Skills for Faculty Members of Universities» Жапонияның Цукуба (Tsukuba) университетінде, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде ағылшын тілі курсын, Абай атындағы ҚазҰПУ-да ағылшын тілі курсы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ағылшын тілі курсын, Израиль мемлекетінің “MASHAV” бағдарламасы бойынша біліктіліктерін жетілдірді.

2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен 5В011400 - «Тарих» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадада «Тараз тарландары» командасы республикадағы ЖОО-ң арасында 26 команданың ішінен 1-орынды иеленді. 2016 жылдың 7-8 сәуірінде 5В011400 – «Тарих» мамандығы бойынша VIIІ Республикалық пәндік олимпиада Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілді. 2017 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен ІХ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадада Тарих мамандығы студенттері ІІ-орынды иеленді.

Ғылыми бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда: ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың «Қазақ хандығы»,  т.ғ.к., доцент О.М. Қоңыратбаевтың «Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегі (1894-1919 жылдар). (Биохроникалық зерттеу)», т.ғ.д., У.Х. Шәлекеновтың «Ежелгі Орталық Азиядағы мемлекеттер мен империялар», т.ғ.к., доцент Ә.К. Шашаевтың «Түркістан өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы (1867-1917 жж.)» монографиялары және ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың басшылығымен, кафедра ұжымының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап, Қазақ хандығының Энциклопедиясы жарыққа шықты.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 62, 304-кабинет.

Телефоны: +7 777 174 40 00

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе