Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

ПОЛУЧИ МИЛЛИОН ТЕНГЕ НА СВОЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ! ДЛЯ МОЛОДЁЖИ ОТ 14 ДО 29 ЛЕТ. ПОДРОБНОСТИ НА ZHASPROJECT.KZ



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫНДА ЖАСАҒАН БАЯНДАМАСЫ. АСТАНА

Елбасы "Мәңгілік Елдің ең басты сипаттарының бірі - ғылым мен білім" деген болатын.Елімізде 2 миллион 600 мың оқушы бар.Тек биылдың өзінде 340 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.Бұл - Тәуелсідік тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Біз кеше ғана ел болып "ұстаздар күнін" атап өттік.Шәкіртіне білім нәрін себетін 340 мың қазақстандық ұстазды кәсіби мерекелерімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!Білімді ұрпақ - Мәңгілік Елдің болашағы.Мәңгілік Ел болу дегеніміз - бәсекеге қабілетті, зияткер ұлт болу.Зиялы ұрпақ тәрбиелеу - менің, мен сияқты барша ұстаздардың борышы.Ал, жас ұрпақтың борышы - білімді азамат атанып, ұлы Абай айтқандай,  "Мәңгілік Елдің кірпіші болып қалану".Қазақстандық ұстаздардың жүрегіндегі ізгі армандардың барлығы да жалпыұлттық идеямызда көрініс тапқан. Сол себепті, біздің жасампаз еңбегіміздің бәрі де "Мәңгілік Ел" үшін!ХХІ ғасырда ғылымы мен білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.Мен мінбеге саналы өмірін осы ғылым мен білімге арнаған Қазақстандық әйелдердің өкілі ретінде шығып тұрмын.Елбасымыздың «Әйел қандай жағдайда болса, қоғам да сондай жағдайда болады» деген даналық сөзі бар. Қазақстанның қыз-келіншектерінің бойында ақылдылық пен білімділік, еңбекқорлық пен белсенділік,тұрақтылық пен шынайылықтың рухы бар.Олар еш кедергісіз жоғары білім ала алады. Өздерін кәсіби маман ретінде барынша көрсетуге мүмкіндіктері мол. Қазақ әйелі бұрын-соңды тарихымызда дәл қазіргідей қайраткерлік пен жасампаздық дәрежеде болып көрген жоқ.Бүгінгі күні жоғары оқу орындарындағы 477 мың студенттің жартысынан көбі қыздар.Ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарының  76 пайызы арулар. Ғалымдардың жартысынан көбі – әйелдер. Осындайда, Президентіміздің «Мұсылман халықтарының арасында, жалпы Шығыста, қазақ сияқты әйел баласын жоғары қоя білген халықбар ма екен?»  деген дана сөзі еске түседі. Әлемдегі мемлекет басшылары арасынан әйелдерді жоғары бағалап, оларға осындай мол мүмкіндік берген біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты президент жоқ.

Біздің жүрегіміздегі ізгі армандардың барлығы дажалпыұлттық идеямызда көрініс тапқан. Тарихта есімдері алтын әріппен өрнектелген Тұмар ханым, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана,қолбасшы Бопай ханым секілді ұлтты тәрбиелеп, халықты қалыптастырған аналарымыздың ісін бүгінгі зиялы қыз-келіншектер жалғастыруда.Еңку-еңку жер шалған, толарсақтан саз кешкен ата-бабаларымыздың асыл арманы - қазақ мемлекеттілігінің бастауы болып отырған,тарихи дәлелденген қазақ хандығының 550 жылдығының киелі Жамбыл өңірінде өтуі "Мәңгілік ел" идеясының өміршеңдігін көрсетеді. Қазақстан әйелдері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын берік ұстанады. Жеке өміріміздегі, қызметтегі, қоғамдық жұмыстардағы жасампаз еңбегіміздің бәрі де «Мәңгілік Ел» үшін!

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support