Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический

Университет

ПОЛУЧИ МИЛЛИОН ТЕНГЕ НА СВОЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ! ДЛЯ МОЛОДЁЖИ ОТ 14 ДО 29 ЛЕТ. ПОДРОБНОСТИ НА ZHASPROJECT.KZ



ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

 

Қазір әлем елдерінің алдында бір ортақ міндет бар. Ол – жаһандық дағдарысқа төтеп беру. Біріншіден, Парламенттің мерзімінен бұрын сайлауы дағдарысқа қарсы реформаларды іске асыруды тездетеді. Екіншіден, сайлау – мемлекет тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін бірден-бір шара. Жыл соңына қарай өтетін сайлауға қарағанда, осы жолғы ұсыныс елімізге біршама пайда әкелетін болады. Істі кейінге қалдырмай, бүгіннен бастап қолға алу – дағдарысқа қарсы әрекеттердің бірі деп білемін.

Қазақ халқында: «Ерте іске кіріскеннің – ырысы артық» деген нақыл сөз бар. Мемлекет басшысы-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ең басты жетістігі, ұлтымыздың ұлы құндылығы – Тә­уелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекеленетін жылдың басында дүние жүзінде болып жатқан экономикалық қиындықтарға қарамастан, үлкен мақсаттарды, ауқымды жоспарларды алға қоя отырып, оған жетуге ынталандыратын нақты қадамдардың маңыздылығын «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында тағы да атап көрсетті. Міне, осы орайда «Мәңгілік Ел» идеясын нақты жүзеге асыру жолында алдағы саяси шараның алар орны ерекше екендігін баса айтқым келеді.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын практикалық тұрғыда іске асыру турасында жариялаған мақласы біздің әрқайсысымызға, оның ішінде ұстаздар қауымына да тікелей қатысты екендігі сөзсіз. Өйткені, осы маңызды құжатта көрсетілген бағыттар біздердің қатысуымызбен жүзеге асырылатыны анық жәйт. Мақалада мемлекетті кәсібилендіруге басымдық беріп, оны жан-жақты түсіндіріп өтті. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құру жоспарының алғашқы бөлімі кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылатыны бесенеден белгілі жайт. Ал, кәсіби мемлекет – шынайылық пен болашақ кепілі.  Осы орайда айта кеткен ләзім, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты педагог кадрлар дайындайтын іргелі оқу орны. Іргетасының қаланғанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен оқу ордасынан күні бүгінге дейін мыңдаған маман даярланды. Біздің басты мақсатымыз – жаңа тұрпатты, заманға сай, кәсіби мұғалім дайындау. Ал, кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз – білім сапасының кепілі болмақ. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «... Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деген болатын. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Өйткені, білімді, кәсіби білікті ұстаз – бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі.

Жаңару жақсылықтарға ұмтылдырады. Осы ретте айтқым келеді, сайлаудың тағы бір артықшылығы, шарада халық өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады. Бұл – Мәжіліс және мәслихат депутаттары халықтың сеніміне қол жеткізеді деген сөз. Ал елдің сенімі адамға жігер беріп, рухын күшейтеді. Өз кезегінде бұл қасиеттер алдымызда тұрған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, бес институттық реформаны және дамыған 30 елдің қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруда септігін тигізетініне кәміл сенімдімін.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support