РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



Физика-математика факультетінің деканы

БИЖІГІТОВ ТЕМІРХАН БИЖІГІТҰЛЫ

Т. Бижігітов  білім мен ғылымда өзінің ізін қалдырған ұлағатты ұстаз және ғалым.

Ол  жоғары қысым және төменгі температура физикасы бағытында бұрын белгісіз болған келесі іргелі нәтижелерді алды:

- тәжірибе жүзінде бұрын белгісіз болған жоғары қысымдағы және төменгі температурадағы мұздың Р-Т координатасындағы диаграммасын алғаш рет тұрғызды.

- зерттеу барысында мұздың ХІІ түрін ашып, оның серпімділік қасиеттерінің қысымға және температураға тәуелділіктерін анықтады.

- төменгі температурадағы және жоғары қысымдағы мұздың Р-Т координатасындағы диаграммасында белгісіз болған үш үштік нүктенің координаталарын тапты.

- мұз түрлерінің төменгі температура мен жоғары қысымдағы фазалық бірінші текті өту кезіндегі термодинамикалық функцияларының өзгерістерін есептеді.

- фазалық диаграммадағы барлық мұз түрлерінің серпімділік қасиеттерін және олардың қысыммен температураға тәуелділік графиктерін тұрғызды.

Осы бағытта екі монографиясы баспадан шықты:

1. Судың және мұз түрлерінің физикалық қасиеттері„ Алматы: Экономика.2013.-124 бет.

2. Жоғары қысым және төменгі температура физикасы„ Алматы, Экономика. 2013.-167 бет.

Т.Бижигитовтың 120 ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Оның 15-тен астамы рейтингісі нолдік емес импакт факторлы журналдарда басылып шыққан. Көптеген жылдар бойы білімгерлер мен магистранттарға арнайы курстардан инновациялық технология әдістерін пайдаланып «Статистикалық физика және термодинамика», «Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы», «Математикалық физика теңдеулері», «Математикалық физика әдістері», «Жалпы физика курстары» пәндерінен лекциялар оқыды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен ЖОО физика-математика, химия, биология және техникалық мамандықтарда оқитын білімгерлерге арнап бүгінгі күннің талабына сай оқытудың кредиттік технологисына негізделіп жазылған теориялық физика курстары мен физикадан төмендегі оқулықтары баспадан шықты:

1.Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері. Алматы, «Дәуір» 2011.

2.Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы, Алматы, «Дәуір» 2012.

3.Математикалық физика әдістері, Алматы, «Дәуір» 2012.

4.Жалпы физика курсы, Алматы, «Экономика» 2013.

5. Теориялық физика әдістері, Алматы, «Экономика» 2015.

6. Молекулалық физика, Алматы, «Экономика» 2015.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған төмендегідей оқу құралдары баспадан шықты:

1. Молекулалық изика Алматы, «Экономика» 2015 хаттама №2 16.04.2015

2. Теориялық физика әдістері Алматы «Экономика» 2015 хаттама №2 16.04.2015

Бүгінгі күні Т.Бижигитовтың Жамбыл облысы мен Тараз қаласында өзіндік физикалық ғылыми мектебі толық қалыптасқан. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл өңірінде өтетін мектеп оқушыларының физика пәнінен облыстық олимпиадасының және физика, техника және космос бағыттары бойынша өтетін ғылыми жоба комиссиясының төрағасы қызметін нәтижелі атқаруда. Республикалық және Халықаралық деңгейлерде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобаларда оқушылары жүлделі орындар иеленгендері үшін облыстық оқу департаменті Т.Бижигитовты «Эрудит» және «Білім шырағы» дипломдарымен марапаттаған.

2011-2015 жылдары Тараз қаласындағы №44 (Жамбыл даңғылы 16А, ТарМПИ) учаскелік сайлау комиссиясының төрағалық қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарғандығы ескеріліп, Нұр Отан партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Комитеттің №270, 09.04.2007 жылғы бұйрығымен Көкшетау қаласындағы Жоғары оқу орындарын тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет граматосымен марапатталған. Жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және ЖОО оқулықтар жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола, күміс және алтын медальдармен марапатталған.

2018 жылы Қазақстандық физикалық қоғам бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша директоры болып сайланды.

Ғалым-ұстаздың осы өнегелі ғылыми жолы ауыл жастарына, болашақ жас ғалымдарға, білімгерлер мен магистранттарға білім және ғылым жолында нәтижелі еңбек етудің нағыз үлгісі болады деп сенеміз.

Бүгінде Темирхан Бижигитов еліміздің білім мен ғылым саласының өркендеуіне және жастарды тәрбиелеуде елеулі үлес қосуда. «Физика-математика» факультетінің деканы Т.Бижигитовтың көпжылдық ұстаздық қызметі мен ғылыми жетістіктерін ескере отырып, 2014 жылы «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жариялаған «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2014» атты байқауының жеңімпазы.

Аманбаева Ардақ Нұрғалиқызы

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

Математика магистрі, аға оқытушы

Сембиева Ақбота Серікқызы

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Физика магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны: +7 (7262)-52-67-84

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе