Бітірушілерді жұмыспен қамту және карьералық өсу бөлімі келесі қызметтерді атқарады:
- қала және облыстық мектептерімен мектепке дейінгі ұйымдарымен және басқа білім ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды;
- облыс және қала білім департаменттерінен педагогикалық кадрлардың қажеттілігі туралы сұраныстарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізелі;
- түлектердің жұмысқа орналасуы туралы кері байланысты орнатуды үйлестіреді, бос вакансиялар қорын үнемі толықтырып отырады;
- бос орындар жәрменкесін ұйымдастырады;
- түлектерді бөлу бойынша арнайы комиссияны құрып, оның жұмысына атсалысады;
- еңбек нарығының конъюктурасын талдап және маман дайындаудың сапасын, көлемін өзгерту бойынша ұсыныстар дайындайды;
- бос орынға жұмысқа жіберу туралы жолдама береді, өз бетінше жұмысқа тұруына рұқсат береді;
- жұмысқа жіберу және түлектің тағайындалған жұмыс орнына баруы туралы есеп дайындайды;
- өз қызметінің бағыты бойынша мазмұнына сай келетін қызметтік, жұмыс және әдістемелік құжаттар дайындайды;
- ұйымдар туралы, онда істейтін түлектер туралы мәліметтер базасын жасайды;
- университет түлектерімен кемінде 3 жыл бойында байланыс жасап тұрады;
- жұмыс берушілердің пікірін талдап және олардың негізінде оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
- студенттер мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді және солардың негізінде дайындайтын мамандардың сапасын жақсарту бойынша нұсқаулықтар дайындайды;
- университет студенттерінің тәжірибелерін практикаларын өткізу және ұйымдастыру бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіреді;
- маман дайындаушы кафедралармен деканаттармен бірлесе отырып, студенттердің практикадан өтетін базаларын бекіту және кафедралардан оларға жетекшілер бекіту туралы бұйрықтың мерзімінде дайындалуын қадағалайды;
- практика өту базаларымен келісім шарттың болуын және олардың маман дайындау профилімен сәйкестігін тексереді;
- практиканың мазмұнын мамандықтардың оқу жоспарларына, жұмыс бағдарламаларына және академиялық күнтізбесіне сәйкес болуын бақылайды;
- кафедраларда практика бағдарламаларының, практикадан өту бойынша студенттердің күнделіктерінің, есеп беру құжаттарының және кафедралардан бекітілген жетекшілердің есебінің болуын тексереді;
үздік академиялық топ конкурсын өткізуге практикалық көмек көрсетеді және т.б.
Бітірушілерді жұмыспен қамту және карьералық өсу бөлімі
Берікова Назгүл Ахметжанқызы
Кәсіби практика секторының жетекшісі
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Орманова Шолпан Елеманқызы
Жұмыспен қамту секторының жетекшісі
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript