Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Ғылыми-ақпараттық кітапхана

Кітапхана миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, теңмүмкінділіктілікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.

Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

ТАРМПУ  ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ  ДАМУ  СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

(2019-2021жж):

-  ақпараттық ресурстар мен кітапханалық қорды еркін пайдалану мүмкіндігі жасалған – заманауи ашық кітапхананы құру;

-  университеттегі   білім   беру және  ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес құжаттар қорын қалыптастыру, қордың сақталуын қамтамасыз ету;

-  кітапханалық кеңістікті трансформациялау, жабық қорларды оңтайландыру;

-  RFID-технология негізінде кітапханалық қызмет көрсету жүйесін модернизациялау;

-  университеттің цифрлық ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялану;

- кітапхананың кадрлық потенциялын арттыру.

ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНА ЖЕТЕКШІСІ

Есіркепова  Гүлмира  Жарылқапқызы

Байланыс нөмірі: 8 (7262) 51-01-32, с.т. 87473963531

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы,16А, ТарМПУ (6 оқу ғимараты), 1 қабат

ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ  КІТАПХАНА  ҚҰРЫЛЫМЫНДА

4 сервистік қызметтер жұмыс жасайды:

  • қорларды құру және құжаттарды өңдеу қызметі
  • пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметі
  • ақпараттық-библиографиялық қызметі
  • электронды ресурстарды басқару және мониторингтеу қызметі

КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Сартова Гүлзада Мұханқызы

Лауазымы: қорларды құру және құжаттарды өңдеу қызметінің  бас  маманы

Тел.: (8-726-2) 51-01-32

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы,16А,

(6 оқу ғимараты), 1 қабат

Омарова Нұрипа Шапайқызы

Лауазымы: пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметінің  бас  маманы

Тел.: (8-726-2) 51-01-32

e-mailnuripa Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Мекен-жайы:  Жамбыл даңғылы,16А,  (6 оқу ғимараты), 1 қабат

Алдашова Мөлдир Ораковна

Лауазымы: электронды ресурстарды басқару және мониторингтеу  қызметінің  бас  маманы–

Тел.: (8-726-2) 51-01-32

e-mailЭтот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Мекен-жайы:  Жамбыл даңғылы,16А,

(6 оқу ғимараты), 1 қабат

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кітапханасының тарихы 1967 жылдың күзінде Қазақ ССР білім министрлігінің және оқу орнының бастамасы бойынша мамандықтарға байланысты қорында 12 мыңға жуық басқа кітапханалардан түскен дублетті әдебиеттермен жинақталған, 20 орынды оқу залы мен абонемент бөлімі іске қосылды. Ғылыми қор бірнеше сөздіктер мен орыс тілінің бір ғана энциклопедиясынан құралды. Кітапхананың меңгерушісі Мазина Нина Сергеевна тағайындалып, алғашқы 300 оқырмандарға қызмет көрсеткен кітапханашылар М.С.Тұрарова, С.П.Пиунина, ал 70-80 жылдары кітапхана меңгерушісі А.В.Хабарова және 23 қызметкерден (Н.А.Халилова, Н.Ф.Кадысева, Т.В.Гнатенко) тұрды. 1985 жылы кітап қоры 170 мың данаға ұлғайып, кітапхана жаңа оқу ғимаратына көшіп, 3 оқу залы, абонемент бөлімі, 3 кафедралық кітапхана ашылып, жылына 3 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетілді.

1998 жылдың наурыз айында 3 институттардың бірігуінің нәтижесінде (Жамбыл педагогикалық институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты, Жамбыл гидромелиоративті және құрылыс институты) М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы болып қызметін жалғастырды.

2004 жылдың сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жеке бөлінуіне байланысты құрылымында 111 мың атаулы 343507 дана оқулықтар, ғылыми, көркем әдебиеттермен қатар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен мерзімді басылымдардан тұратын әмбебап мазмұнды қоры бар ғылыми кітапхана ұйымдастырылды. 2004-2010жж. аралығында 4 оқу ғимаратында орналасқан кітапхана құрылымы ұлғайды: 4 сектор, 2 абонемент бөлімі, 5 оқу залдары, «Балауса» клубы, мерзімді басылымдар залы мен 5 комплект компьютер, 10 орындық саны бар электронды оқу залы оқырмандарға қызмет көрсетті.

Бүгінгі күні Ғылыми-ақпараттық кітапхана университеттің 3 оқу ғимаратында орналасқан, жалпы алаң көлемі 1576 ш.м. құрайды, құрылымында 4 қызметі бар. Оқу залдарындағы орындықтар саны – 417, оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет 14 пункте көрсетіледі: оқырмандарға абонемент бөлімі, 2 ашық кітапхана, мамандандырылған оқу залдары, электронды ресурстар залы, ғылыми қор залы мен кафедралық кітапханаларда («Орыс филологиясы», «Шетел тілдері», «Қытай тілі» ресурс орталықтары, «Бастапқы әскери дайындық», «Кәсіптік оқыту және дизайн», «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» кафедралары, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы) қызмет көрсетіледі және жеке жұмыс зонасы, топтық жұмыс және тренинг зонасы мен демалу зоналары  ұйымдастырылған.

5000-ға жуық оқырманы бар ғылыми-ақпараттық кітапхана жылына 14 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетіп, 320 мыңнан аса құжаттарды қолға береді. Жылына 182 мыңға жуық оқырман келеді.

2019 жылдан бастап ашықтық, адалдық, креативтілік принципіне негізделген "оpen space" форматында кедергісіз үлгіде жұмыс жасайтын заманауы «Адал кітапхана» пайдалануға берілді. Мұнда әртүрлі форматтағы ресурстар (кітаптар, мерзімді басылымдар, сандық  ресурстар, электронды деректер базалары мен электронды кітапханалар) мен түрлі техникаларды пайдалану мүмкіндігі "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Жаңа ашық кітапханада заманауи интерьер, ыңғайлы мобильді жиһаздар, жаңа компьютер, бейне-техникаларымен жабдықталған, тегін интернет, Wi-Fi қосылған. Жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған зоналар бар, жастардың тыныш отырып дайындалатын кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасау және тренингтер өткізуге болады. Бос уақыттын шахмат, шашка ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге, жұмсақ орында кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған. Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни студент өзі еркін қажет құралдарын таңдап еркін пайдалануына мүмкіндігі бар.

Ғылыми-ақпараттық кітапхананың жалпы қорында 500 мыңға жуық құжаттар жинақталған, оның кітап қоры –342 мың, мерзімді басылымдар қоры –71 мың, электронды ресурстар қоры – 77 мың. Жылына 119 атаулы мерзімді басылымдарға жазылу ұйымдастырылады және оn-line жүйедегі 270 отандық және ресейлік газет-журналдар сайттарына кіру, әлемдік барлық білім салалары бойынша БАҚ ең таңдаулы мақалалары жинақталған www.polpred.com мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндігі жасалған.

Әмбебап мазмұнды әдебиеттерге бай кітапхана қоры отандық және Ресей Федерациясының ірі баспаханаларынан шыққан және қайырымдылық қорлардан түскен 5-10 мыңға жуық әдебиеттерімен толықтырылады, сапалы ғылыми-техникалық өңдеуден өтіп, штрих-кодталып, ЭКДҚ енгізіледі. 2011 жылдан бастап ҚР ЖОО Қауымдастығынан 17 мың дана оқулықтар түссе, 2018 жылдан бастап "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітапхана қоры 54 атаулы 9000 жуық қазақ тіліндегі оқулықтармен толықты.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің, магистранттардың ақпараттық-медиалық сауаттылығын қалыптастыру және кітапхана қорын насихаттау бағытында жылына 20 жуық оқыту- тренингтері, виртуалды экскурсиялар («Білімді бағындырған- әлемді бағындырады!», «Кітапхана - ақпарат әлеміндегі навигатор!»), Кітапхана күндері, Ақпарат күндері, жылжымалы жаңа кітаптар көрмелері ұйымдастырылады.

2010 жылдан бастап ғылыми-ақпараттық кітапхананың электронды каталогы «КАБИС.Full» жүйесі негізінде жүргізілуде, кітапханалық-библиографиялық үрдістер толығымен автоматтандырылған (қорды толықтыру, әдебиеттерді электронды ғылыми-техникалық өңдеу, жіктеу, электронды каталогқа енгізу, штрих-кодтау, кітапхана қорының есебін электронды жүргізу; электронды қызмет көрсету, оқырманды тіркеу, электронды статистикасын жүргізу). «Қор», «Кітаппен қамтамасыз ету», «Оқырман» ЭБ толықтырылуда. Бүгінгі күнге электронды каталогтар дерекқорының көлемі 200 мың жазбаны, 500 мыңға жуық  дананы құрайды.

2013 жылдан бастап ТарМПУ Электронды кітапханасы электронды контенттер коллекцияларымен толықтырылады, бүгінде  «Электронды оқулықтар» электронды каталогта (http://www.ecat.tarmpu.kz/)  10 мыңнан аса оқулықтарға сілтеме қойылған.

Барлық білім алушылардың ақпараттық ресурстарға ашық қолжетiмдiлігін қамтамасыз етуде 7 тәулік 24 сағат 365 күн жұмыс жасайтын, 24/7 кітапхана элементі ретінде Web-порталының (www.bibl.tarmpu.kz) қызметін жүйелі ұйымдастыруда. Web-порталда күнделікті жаңалықтар, кітапхана қызметі мен ресурстары туралы толық мәліметтер берілді, «ТарМПУ Электронды кітапхана» базасы, меншікті, отандық және әлемдік білім беру платформаларына, Е-кітапханалар ресурстары мен толықмәтінді дерекқорларына онлайн кіру мүмкіндігі жасалған.

Университет студенттері мен оқытушыларына локальді және On-line режимде университет (www.tarmpu.kz) және кітапхана Web-порталын (www.bibl.tarmpu.kz), «ТарМПУ Электронды кітапханасын» (www.ecat.tarmpu.kz), 15 отандық және 270 ресейлік онлайн-кітапханалар мен білім беру платформаларын, 4 шетелдік толықмәтінді электронды дерекқорларын тегін  пайдалануға мүмкіндігі бар. Олар: РЖООЭК, ҚазҰЭК, «Эпиграф» электронды    кітапханасы,    Бірыңғай    электронды    кітапхана, Қазақстанның   Ашық кітапханасы, Әдебиет порталы, Қазақстан тарихы порталы, Мәдени мұра қоры, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы, Кітаптар.kz, Мәдениет порталы, «Алаш» электронды кітапханасы, «BILIM LAND» білім беру порталы, «GAZAGSTAN 3D», Bilim.all, Білімді ел, «IAC» Информационно- аналитический   центр,   ҚР    тұңғыш    президенті    Елбасының   қоры, ресейлік    Е-ресурстар:  ЭКЖ «Библиороссика», ЭКЖ «IPRbooks», НЭБ Киберленика, СМИ көпшілік кітапханасына және Әлемдік заманауы ашық білім беру платформаларына Қазақстанның ашық университеті OpenU.kz, Қазақстанның   Ұлттық    ашық   білім    беру   платформасы MOOCS.kz, Coursera, Арзамас, Лекториум, Универсариум, Стэпик қолжетімділік ұйымдастырылды.

Жылына Web-порталдағы тұрақты 20 меншікті дерекқорлар ТарМПУ ғалымдары», «eLibrary - толықмәтінді дерекқоры» («ТарМПИ хабаршысы», конференция материалдары, тақырыптық деректер  қоры),   «Рухани   жаңғыру»,   «Репозитор   қоры»,   «ПОҚ TED-таратуға  тұрарлық идеялар», «Ғылым туралы»,  «Виртуалды көрмелер», «Виртуалды көрсеткіштер», «Алаш Орда-100 жыл», «Бір ел– бір кітап», «Сыйға тартылған кітаптар», «Ақпараттық білім беру ресурстары», «Пайдалы сайттар», «Тұғыры биік тұлғалар», «Өлкетану», «Қол жетімді электронды ресурстар»,  «Ұлы  даланың жеті қыры», «Абай Құнанбайұлына -175 жыл») электронды ресурстармен толықтырылуда.

Web-портал арқылы оnline-сервистiк қызметтер ұсынылады: «Виртуалды анықтамалық қызметі» ( Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript ), «Кітапты пайдалануды электронды ұзарту», «Кітаптарға электронды тапсырыс беру», «Пәндік кітапханашы» қызметі, «Басшыларға саралы қызмет көрсету», «Ақпаратты іріктеп тарату», «Құжатты электронды жеткізу» (ЭДД).

Кітапхананың әлеуметтік желілердегі (Вконтакте, Facebook, Mой Мир, Instagram) парақшалары жургізілуде, 7 мыңнан аса интернет- абоненттер тіркелген.

Facebook →  ТарМПУ Ғылыми кітапханасы

Вконтакте → Научная-Библиотека Таргпи (Таргпу)

Instagram → targpu.library_official

mail.ru → Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Кітапхана мәдениет және рухани байлықтың ошағы болғандықтан, студент жастардың патриоттық, адамгершілік тәрбиесін дамытуда, кітап қорларын насихаттау мен кітапқа деген қызығушылығын оятуда ғылыми-ақпараттық кітапхана үлкен рөл атқарады. Университетте өткізілетін іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене атсалыса отыра, жылына 50-ге жуық кітап көрмелері жасалып, кітапхана қорынан 10 мыңға жуық құжаттар оқырмандар назарына ұсынылады. Жыл аралығында «Бір ел – бір кітап», «Жүрек жылуы» акциялары, «Әлемді кітаппен таны» кітап оқу акциясы, кітап фестивальі, интеллектуалды ойын-сауық кештер, байқаулар, тұсаукесерлер, әдеби- сазды кештер, тарихи-танымдық кештер, т.б. іс-шаралар өткізіеді.

Соңғы 4 жыл ішінде дәстүрге айналған университет базасында Жамбыл облысы білім беру жүйесіне қарасты ЖОО, колледж және мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында кәсіби сұхбат алаңдарын, семинар, тренингтер өткізуде.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе