«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Ресей Федерацияның Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті және Түркияның Карабюк университетімен бірлесе 2020 жылдың 27-28 ақпанында «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді



Ғылыми-ақпараттық кітапхана

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кітапханасының тарихы 1967 жылдың күзінде Қазақ ССР білім министрлігінің және оқу орнының бастамасы бойынша мамандықтарға байланысты қорында 12 мыңға жуықбасқа кітапханалардан түскен дублетті әдебиеттермен жинақталған, 20 орынды оқу залы мен абонемент бөлімі іске қосылды. Ғылыми қор бірнеше сөздіктер мен орыс тілінің бір ғана энциклопедиясынан құралды. Кітапхананың  меңгерушісі Мазина Нина Сергеевна тағайындалып, алғашқы  300 оқырмандарға қызмет көрсеткен кітапханашылар М.С.Тұрарова, С.П.Пиунина, ал 70-80 жылдары кітапхана меңгерушісі А.В.Хабарова және 23 қызметкерден (Н.А.Халилова, Н.Ф.Кадысева, Т.В.Гнатенко) тұрды. 1985 жылы кітап қоры 170 мың данаға ұлғайып, кітапхана жаңа оқу ғимаратына көшіп, 3 оқу залы, абонемент бөлімі, 3 кафедралық кітапхана ашылып, жылына 3 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетілді.

1998 жылдың наурыз айында 3 институттардың бірігуінің нәтижесінде (Жамбыл педагогикалық институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты, Жамбыл гидромелиоративті және құрылыс институты) М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы болып қызметін жалғастырды.

2004 жылдың сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жеке бөлінуіне байланысты құрылымында 111 мың атаулы 343507 дана оқулықтар, ғылыми, көркем әдебиеттермен қатар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен мерзімді басылымдардан тұратын әмбебап мазмұнды қоры бар ғылыми кітапхана ұйымдастырылды. 2004-2010жж. аралығында 4 оқу ғимаратында орналасқан кітапхана құрылымы ұлғайды: 4 секторлар, 2 абонемент бөлімі, 5 оқу залдары,  «Балауса» клубы, мерзімді басылымдар залы мен 5 комплект компьютер, 10 орындық саны бар электронды оқу залы оқырмандарға қызмет көрсетті.

Бүгінгі күні Ғылыми-ақпараттық кітапхана университеттің3 оқу ғимаратында орналасқан, жалпы алаң көлемі1576 ш.м. құрайды, құрылымында 4 қызметі бар. Оқу залдарындағы орындықтар саны – 417, оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет 14 пункте көрсетеді: оқырмандарға абонемент, 2 ашық кітапхана, мамандандырылған  оқу залдары, электронды ресурстар залы,  ғылыми қор залы мен кафедралық кітапханаларда («Орыс  филологиясы», «Шетел тілдері», «Қытай тілі» ресурс орталықтары,«Бастапқы әскери дайындық», «Кәсіптік оқыту және дизайн», «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» кафедралары, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы) және жеке жұмыс зонасы мен топтық жұмыс және тренинг зонасы ұйымдастырылған.

5000-ға жуық оқырманы бар ғылыми-ақпараттық кітапхана жылына 14 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетіп, 320 мыңнан аса  құжаттарды қолға береді. Жылына 182 мыңға жуық оқырман келеді.

2019 жылдан бастап ашықтық, адалдық, креативтілік принципіне негізделген оpen space форматында кедергісіз үлгіде жұмыс жасайтын заманауы «Адал кітапхана» пайдалануға берілді. Мұнда әртүрлі  форматтағы ресурстар (кітаптар, мерзімді басылымдар, сандық ресурстар, электронды деректер базалары мен электронды кітапханалар) мен түрлі техникаларды пайдалану мүмкіндігі "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Жаңа ашық кітапханада заманауи интерьер, ыңғайлы мобильді жиһаздар, жаңа компьютер, бейне-техникаларымен жабдықталған, тегін интернет, Wi-Fi қосылған. Жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған зоналар бар, жастардың тыныш отырып дайындалатын кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасау және тренингтер өткізуге болады. Бос уақыттын шахмат, шашка ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге, жұмсақ орында кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған. Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни студент өзі еркін қажет құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндігі бар.

ТарМПУғылыми-ақпараттық кітапхананың жалпы қорында 500 мыңға жуық құжаттар жинақталған, оның кітап қоры –342 мың, мерзімді басылымдар қоры –71 мың, электронды ресурстар қоры – 77 мың. Жылына 119 атаулы мерзімді басылымдарға жазылу ұйымдастырылады және оn-line жүйедегі 270 отандық  және ресейлік газет-журналдар сайттарына кіру, әлемдік барлық білім салалары бойынша БАҚ ең таңдаулы мақалалары жинақталған www.polpred.com мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндігі жасалған.

Әмбебап мазмұнды әдебиеттерге бай кітапхана қоры отандық және Ресей Федерациясының ірі баспаханаларынан шыққан және қайырымдылық қорлардан түскен 5-10 мыңға жуық әдебиеттерімен толықтырылады, сапалы ғылыми-техникалық өңдеуден өтіп, штрих-кодталып, ЭКДҚ енгізіледі. 2011 жылдан бастап ҚР ЖОО Қауымдастығынан 17 мың дана оқулықтар түссе, 2018 жылдан бастап "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітапхана қоры 54 атаулы 9000 жуық қазақ тіліндегі оқулықтармен толықты.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің, магистранттардың ақпараттық-медиалық сауаттылығын қалыптастыру және кітапхана қорын насихаттау бағытында жылына 20 жуық оқыту-тренингтері, виртуалды экскурсиялар («Білімді бағындырған- әлемді бағындырады!», «Кітапхана - ақпарат әлеміндегі навигатор!»), Кітапхана күндері, Ақпарат күндері, жылжымалы жаңа кітаптар көрмелері ұйымдастырылады.

Кітапхана мәдениет және рухани байлықтың ошағы болғандықтан, студент жастардың патриоттық, адамгершілік тәрбиесін дамытуда, кітап қорларын насихаттау мен кітапқа деген қызығушылығын оятуда ғылыми-ақпараттық кітапхана үлкен рөл атқарады. Университетте өткізілетін іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене атсалыса отыра, жылына 50-ге жуық кітап көрмелері жасалып, кітапхана қорынан 10 мыңға жуық құжаттар оқырмандар назарына ұсынылады. Жыл аралығында «Бір ел – бір кітап», «Жүрек жылуы» акциялары, «Әлемді кітаппен таны» кітап оқу акциясы, кітап фестивальі, интеллектуалды ойын-сауық кештер, байқаулар, тұсаукесерлер, әдеби-сазды кештер, тарихи-танымдық кештер, т.б. іс-шаралар өткізіеді.

2010 жылдан бастап ғылыми-ақпараттық кітапхананың электронды каталогы «КАБИС.Full» жүйесі негізінде жүргізілуде, кітапханалық-библиографиялық үрдістер толығымен автоматтандырылған (қорды толықтыру, әдебиеттерді электронды ғылыми-техникалық өңдеу, жіктеу, электронды каталогқа енгізу, штрих-кодтау, кітапхана қорының есебін электронды жүргізу; электронды қызмет көрсету, оқырманды тіркеу, электронды статистикасын жүргізу). «Қор», «Кітаппен қамтамасыз ету», «Оқырман» ЭБ толықтырылуда. Бүгінгі күнге электронды каталогтар дерекқорының көлемі 199675 жазба, 495886 дананы құрайды.

2013 жылдан бастап ТарМПУ Электронды кітапханасы электронды контенттер коллекцияларымен толықтырылады, бүгінде «Электронды оқулықтар» ЭК-да 10 мыңға жуық оқулықтарға  сілтеме қойылған.

Барлық білім алушылардың ақпараттық ресурстарға ашық қолжетiмдiлігін қамтамасыз етуде 7 тәулік 24 сағат 365 күн жұмыс жасайтын, 24/7 кітапхана элементі ретінде Web-порталының (www.bibl.tarmpu.kz) қызметін жүйелі ұйымдастыруда. Web-порталда күнделікті жаңалықтар, кітапхана қызметі мен ресурстары туралы толық мәліметтер берілді, ТарМПУ «Электронды кітапхана» базасы, меншікті, отандық және әлемдік Е-кітапханалар ресурстары мен толықмәтінді дерекқорларына онлайн кіру мүмкіндігі жасалған.

Университет студенттері мен оқытушыларына локальді және On-line режимде университет (www.tarmpu.kz) және кітапхана Web-порталын (www.bibl.tarmpu.kz), «ТарМПУ Электронды кітапханасын» (www.ecat.tarmpu.kz), 13 отандық және 270 ресейлік онлайн-кітапханалар, 4 шетелдік толықмәтінді электронды дерекқорларын тегін пайдалануға мүмкіндігі бар. Олар: РЖООЭК, ҚазҰЭК, «Эпиграф» электронды кітапханасы, Бірыңғай электронды кітапхана, Қазақстанның Ашық кітапханасы, Әдебиет порталы, Қазақстан тарихы порталы, Мәдени мұра қоры, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы, Кітаптар.kz, Мәдениет порталы, «Алаш» электронды кітапханасы, «BILIM LAND» білім беру порталы, «GAZAGSTAN 3D», Bilim.all, Білімді ел, «IAC» Информационно-аналитический центр, ҚР тұңғыш президенті Елбасының қоры, ресейлік Е-ресурстар: ЭКЖ «Библиороссика», ЭКЖ «IPRbooks», НЭБ Киберленика, СМИ көпшілік кітапханасына, 2019 жылдан бастап әлемдік заманауы ашық білім беру платформаларына Қазақстанның ашық университеті OpenU.kz, Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасы MOOCS.kz, Coursera, Арзамас, Лекториум, Универсариум, Стэпик қолжетімділік ұйымдастырылды.

Жылына Web-порталдағы тұрақты 20 меншікті дерекқорлар («ТарМПУ ғалымдары», «eLibrary - толықмәтінді дерекқоры» («ТарМПИ хабаршысы», конференция материалдары, тақырыптық деректер қоры), «Рухани жаңғыру», «Репозитор қоры», «ПОҚ TED-таратуға тұрарлық идеялар», «Ғылым туралы»,  «Виртуалды көрмелер», «Виртуалды көрсеткіштер», «Алаш Орда-100 жыл», «Бір ел – бір кітап», «Сыйға тартылған кітаптар», «Ақпараттық білім беру ресурстары», «Пайдалы сайттар», «Тұғыры биік тұлғалар»,  «Өлкетану»,  «Қол жетімді электронды ресурстар», «Ұлы даланың жеті қыры», «Абай Құнанбайұлына -175 жыл») электронды ресурстармен  толықтырылуда.

Web-портал арқылы оnline-сервистiк қызметтер ұсынылады: - «Виртуалды анықтамалық қызметі» ( Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript ), «Кітапты пайдалануды электронды ұзарту», «Кітаптарға электронды тапсырыс беру», «Пәндік кітапханашы» қызметі, «Басшыларға саралы қызмет көрсету», «Ақпаратты іріктеп тарату», «Құжатты электронды жеткізу» (ЭДД).

Кітапхананың әлеуметтік желілердегі (Вконтакте, Facebook, Mой Мир, Instagram) парақшалары жургізілуде, 7 мыңнан аса интернет- абоненттер тіркелген.

Соңғы 4 жыл ішінде дәстүрге айналған университет базасында Жамбыл облысы білім беру жүйесіне қарасты ЖОО, колледж және мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында кәсіби сұхбат алаңдарын, семинар, тренингтер өткізуде.

МИССИЯСЫ

Кітапхананың миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, теңмүмкінділіктілікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.

Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауын қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

ТарМПУ ғылыми-ақпараттық кітапхананың даму стратегиялық бағыттары (2019-2021жж):

- Ақпараттық ресурстар мен кітапханалық қорды еркін пайдалану мүмкіндігі жасалған – заманауи ашық кітапхананы құру;

- университеттегі білім беру және ғылыми-зерттеу  бағдарламаларына сәйкес құжаттар қорын қалыптастыру, қордың сақталуын қамтамасыз ету;

- кітапханалық кеңістікті трансформациялау, жабық қорларды оңтайландыру;

- RFID-технология негізінде кітапханалық қызмет көрсету жүйесін модернизациялау;

- университеттің  цифрлық  ақпараттық  білім беру кеңістігіне интеграциялану;

- кітапхананың кадрлық потенциялын арттыру.

ТарМПУ Ғылыми-ақпараттық кітапханасы оқырмандарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттары мен университеттің 2019-2020 жж. даму стратегиясына сәйкес мына бағыттарда жұмыс жүргізеді:

I. ОҚЫРМАНДАРҒА   ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ   ҰЙЫМДАСТЫРУ

II. ҚОРДЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ, КАТАЛОГТАНДЫРУ,  САҚТАУ

III. КІТАПХАНА ҮРДІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ

IV. КІТАПХАНА  WEB-ПОРТАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

V. АҚПАРАТТЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

VI. КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҰМЫСЫ

VII. МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК  ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҚҰРЫЛЫМЫ

Кітапхана құрылымында  әрқайсысының ерекшеліктері бар, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста 4 сервистік қызметтер  жұмыс жасайды. Олар:

  • ҚОРЛАРДЫ  ҚҰРУ  ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ӨҢДЕУ  ҚЫЗМЕТІ
  • ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА  ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ
  • АҚПАРАТТЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
  • ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ ҚЫЗМЕТІ

 

  • Қорларды  құру  және құжаттарды өңдеу  қызметінің   бас маманы

САРТОВА ГУЛЬЗАДА МҰҚАНҚЫЗЫ

  • Пайдаланушыларға  қолдау көрсету қызметінің  бас маманы

ОМАРОВА НҰРИПА ЧАПАЙҚЫЗЫ

  • Ақпараттық-библиографиялық қызметінің  бас маманы

АЛДАШОВА МӨЛДІР ОРАҚҚЫЗЫ

  • Электронды ресурстарды басқару және мониторингтеу қызметінің бас маманы

АЛДАШОВА МӨЛДІР ОРАҚҚЫЗЫ

ЕСІРКЕПОВА ГҮЛМИРА ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ

Ғылыми-ақпараттық кітапхана жетекшісі

Есіркепова Гүлмира Жарылқапқызы 1974 жылы 6 мамырда дүниеге келген, 1990 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы, Тараз қаласының Карл Маркс атындағы №12 орта мектебін аяқтап, Жамбыл қалалық жедел жәрдем беру ауруханасының травматология бөлімінде қызмет жасады. 1991-1995жж. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Кітапхана ісі» факультетіне түсіп, «Кітапханатану және библиография» мамандығын тамамдады. Ұлты қазақ, тұмыс құрған.

- 22.08.1995-01.12.1996 жж. - Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институты кітапханасының мерзімді басылымдар залында 2 дәрежелі кітапханашы қызметінен бастады.

- 02.12.1996-30.06.1997 жж.- Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институты кітапханасының әдіскер қызметіне ауыстырылды.

- 01.07.1997-31.05.1998 жж.- Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институты кітапханасының қорды толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

- 01.06.1998-02.01.2001 жж.- М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Ғылыми кітапхананың әдістемелік бөлімінің 1 дәрежелі әдіскеріне ауыстырылды.

- 03.01.2001-11.10.2004 жж.- М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Ғылыми кітапхананың үйлестіруші-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

- 11.10.2004-25.08.2010 жж.- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының  кітапхана директоры қызметін атқарды

- 01.09.2009-25.09.2010 жж.- Тараз инновацилық-гуманитаралық университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығының директоры қызметін атқарды

25.08.2010 ж. бүгінгі күнге дейін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми-ақпараттық  кітапхана жетекшісі қызметін атқаруда.

Байланыс телефоны: 8(7262) 51-01-32

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе