РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



Басшылық және қызметкерлер құрамы

Шертаев Ерман Тельманович


Шертаев Ерман Тельманович 1965 жылдың 30 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

1982-1987 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша білім алып, үздік аяқтады.

1987-1990 жылдары КазҒЗИ Гипрофосфор, электротермия лабораториясының инженері болды.

1990-2006 жылдары ҚазХТИ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ инженер, аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а., доцент, ОӘБ бастығының орынбасары, оқу бөлімінің бастығы болды.

1996 жылы техника ғылымдары бағыты бойынша кандидаттық диссертациямды табысты қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленді.

2002 жылы «Қауіпсіздік» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

2006-2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының Ақмола филиалының деканы болды.

2007-2009 жылдары ҚР БҒМ бас маман жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі департаменті, білім және ғылым саласының бақылау комитеттерінде қызмет атқарды.

2009-2012 жылдары Қазақ технология және бизнес университетінің кафедра меңгерушісі, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары Тұран-Астана университетінің кадр бөлімінің бастығы, «Құқық» факультетінің деканы болды.

2013-2014 жылдары Қазақ технология және бизнес университеті ОӘБ бастығы, «Техника және технология» факультетінің деканы, «Химиялық технология және экология» кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті қызметін атқарды.

2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры қызметінде болды.

2015-2018 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2018 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және инновация жөніндегі проректоры қызметінде болды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Ғылым және коммерцияландыру басқармасында Басшы болып қызмет атқарады.

Өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мен тәрбиелеу және өңірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін мынадай мемлекеттік марапаттар мен Құрметті атақтарды иеленді:

Ғылыми жұмыстағы жетекшілігі үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің алғысы, 1996 ж.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісі, 2012 ж.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2017 ж.

ИСАБЕКОВА ГҮЛНҰР БОЛАТБЕКҚЫЗЫ


БІЛІМІ:

  • 1996-2000 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Мамандық – «Ағылшын тілі» (бакалавр);

 

  • 2011-2013 гг. – Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Мамандық – «Ағылшын филологиясы» (магистр);

 

  • 2013-2016 гг. – Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Мамандық  -  «Педагогика и Психология» (докторантура).

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: PhD

ЖАРИЯЛАНҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ:

Scopus мәліметтер базасында– 7;

Ринц – 6

Монография - 1

Халықаралық конференцияларда жарияланған мақалалар – 15;

Республика көлемінде  – 2;

Журнал ҚР БҒСБК – 15;

Аймақтық журналдар– 6.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ: +7 702 798 10 40

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

БЕГАЛИЕВ АСУ ТҰРАНҰЛЫ

Маман

БІЛІМІ:

  • 1978 год – Жамбыл педагогикалық институты, Филология факультетінің түлегі

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: Филология ғылымдарының кандидаты (С.Киров атындағы ҚазМУ)

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ: әдебиет, компьютерлік технология, философия, Л.Гумелев еңбектері, альтернативті тарих.

ТУГЕЛОВА ЖАНИЯ ЖАМБАЙБЕКҚЫЗЫ

Маман

БІЛІМІ:

  • 2004-2008 – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті.

Мамандық – 5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» (Бакалавр);

  • 2009-2011 - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Мамандық -  5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (Бакалавр);

  • 2014-2016 – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Мамандық - «Шет тілі: екі шет тілі» (магистр);

ЖАРИЯЛАНҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ:

Халықаралық конференцияларда – 7

Аймақтық басылымдар – 1

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:

+ 7 707 491 06 00

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

СУЛТАНАЛИЕВА АХМАРАЛ АРАПҚЫЗЫ

"ТарМПУ хабаршысы" журналының редакторы

Байланыс телефоны: 87059958605

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе