РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Ректор көмекшілері

САЙЫН ҚҰРБАН

Ректор көмекшісі


Сайын Құрбан 1993 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Қ.Тұрысов атындағы № 53 орта мектепті тәмамдаған. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих»  факультетін сәтті аяқтап,  2013-2014 жж аралығында «Жаңа Ру» вице президенті қызметін атқарған. 2015-2016 жж «Нұр Отан» партиясына қарасты «Кеңес беру орталығы» консалтингтік орталықтың жетекшісі қызметіне орналасты. Сондай-ақ, 2016-2017 ж.ж Жамбыл облыстық белсенділер қозғалысының президенті, ал  2017-2018 жылдары ТарМПУ студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2018 жылдың қырқүйек айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлының көмекшісі болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, Құрбан Сайын Қазақстан Республикасының Президенті мен «Нұр Отан» партиясының бірінші хатшысының алғыс хаттармен марапатталған.

Байланыс телефоны: 87755478988

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

РАХИМОВ НҰРЛАН ОРАЛБАЙҰЛЫ

Ректор көмекшісі

Рахимов Нұрлан Оралбайұлы 1986 жылы 11 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Тараз қаласындағы №14 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінде білім алған. 2006 жылы Тараз гуманитарлық-техникалық колледжін, 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2009-2010 жылдары – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  ұйымдастыру бөлімінде маман болып, 2010-2013 жылдары – Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратында жетекші маман қызметіне ауысты. 2013 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында – «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында бас маман лауазымында жұмыс атқарды. 2013 жылдың шілде айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының көмекшісі болып тағайындалды. Рахимов Нұрлан Оралбайұлы Халықаралық, Республикалық өнер байқауларының жеңімпазы.

Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-58-06

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе