РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Аккредитация


Институционалдық аккредиттеу аясында өткізілген сыртқы бағалау (аудит) бойынша БСҚА сарапшылар тобының ескертулері мен ұсыныстарын жою жөніндегі түзетуші іс–шаралар ЖОСПАРЫ (PDF)

АККРЕДИТАЦИЯ ТҮСІНІГІ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы аккредиттеудің  мемлекеттік және қоғамдық жүйелерінің бар екендігін қарастырады:

2-2) аккредиттеу органдары – ол заңды тұлғалар, стандарттарды (регламенттерді) әзірлейді және олардың әзірлеген стандарттары (регламентері) негізінде білім беру мекемелерінде аккредиттеу жүргізеді;

2-3) аккредиттеудің стандарттары (регламенттері) - аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының құжаты;

9-2) білім беру бағдарламасы - объективті оқыту мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастыру, оларды іске асыру жөніндегі әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын қалыптастырудың негізгі сипаттамаларының толық бір жиынтығы.

Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағыаккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.

3. Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді өткізеді.

4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.
5. Білім беру ұйымдары уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.

 

СӨЗДІК

Аккредитация – ЖОО-ның толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын-ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Әдетте, мәртебе беру («иә/жоқ» шешімі), құптау, және кейбір жағдайларда белгілі бір мерзімде жұмыс жасауға лицензия беру, осы процестің нәтижесі болып табылады. Бұл үдеріске өзін-өзі бағалау мен сыртқы бағалау да кіруі мүмкін. Акредиттеу үдерісі, негізінен төмендегідей үш сатыдан тұрады:

- оқытушылар, әкімшілік және қызметкерлер ұйымдастырған, ЖОО-ның барлық жұмыстарына немесе жеке бағдарламаларына қатысты өзін-өзі бағалау процесі. Аккредиттеу органдарының стандарттары мен шарттарын негізге алатын есепте өзін-өзі бағалау нәтижелері көрсетіледі;

- ЖОО-ға аккредиттеу ұйымы таңдаған сарапшылар командасы барады. ЖОО-ға барғанда олар оқытушылармен және ЖОО басшылығымен әңгімелесулер өткізеді. Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары кіретін есеп осы жұмыстың нәтижесі болып табылады;

- комиссияның белгіленген сапа шарттарына негізделген барлық факторларды бағалауы, және ЖОО мен қажетті инстанцияларды ақпараттандыратын оның соңғы шешімі.

ЖОО диплом немесе дәреже бере алатын құралды, құзырлы органнан алады. Мемлекет, өкіметтік агенттік және осы немесе шетелдің ЖОО-лары құзыретті орган болып табылады.

 

Аккредитация түрлері

Құрылысына қарай аккредиттеу былай бөлінеді:

- институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымын толық аккредиттеу, яғни білім беру бағдарламаларын, қорлары мен оқыту әдістері қызметін қоса есептегенде бағалау;

-   мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген құрылымдық бөлімдерін немесе білім беру бағдарламаларының сапасын (мысалы, кәсіби оқыту) курс мазмұны мен оқу бағдарламаларына ерекше стандарттарды пайдалана отырып аккредиттеуі.

Аккредитациялық мәртебе: аккредиттік агенттіктері аймақтық, ұлттық немесе мамандандырылған дәрежеде бекіткен стандарттарға немесе жүктемелерге, ЖОО-ның немесе жеке бағдарламаның сәйкес келетіндігін формалды түрде құптау.

Аккредитация портфолиосы: белгілі бір сұрақтар бойынша, әсіресе, білім стандарттары бойынша жеткен жетістіктерге куәлік беретін мәліметтерді жинау. Бұл қызметті өкілетті мекеме немесе сыртқы сарапшылар атқарады.

Аккредиттеу органы: стандарттар мен бағалау шарттарын жасайтын және берілген шарттардың сақталынып жатқандығына көз жеткізу үшін сарапшылардың бағаланып жатқан ЖОО-ға баруы арқылы алқалы бағалаулар өткізетін өкіметтік, өкіметтік емес немесе ұлттық немесе аймақтық деңгейдегі жеке білім мекемесі. Олар ресми мәртебе беруге құқылы, сондай ақ, кейде жеке ЖОО-ларға немесе бағдарламаларға, бағалау процедурасынан сәтті өткеннен кейін лицензия береді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ АККРИДИТТЕУ

Мемлекеттік аккредиттеуден өту мақсаты – ЖОО-ның мемлекеттік кепілдіктерді алуы (оқуға арналған мемлекеттік гранттар, жеңілдіктер, кейінге қалдырулар, мемлекеттік үлгідегі диплом алу).

Тәуелсіз аккредиттеуден өту мақсаты – білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде білікті ұсыныстар алу, білім сапасының жоғары екенін жариялау, қазақстандық білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін жақсарту, ұлттық және халықаралық деңгейде танымал болу және дүниежүзілік білім нарығында өз орнын орнықтыру мақсатынада сыртқы тәуелсіз баға алу.

Аккредиттеу - бұл аккредиттеуге өтініш беріп отырған білім беру мекемесінің кәсіби құзыреттілігін, тәуелсіздігін және легитимділігін аккредиттеу огранының тексеруі және бағалауы, және оң жауап болған жағдайда, оның белгілі бір қызмет түрлерін (әрекетін) немесе жұмыс түрлерін (қызмет көрсетуді) белгілі бір салада мерзімі анықталған уақыт аралығында  және белгілі бір территорияда атқару құқығын мойындау арқылы біліктілік сәйкестігін растау. Тексеру деп аккредиттеу нысанының дербестендіру құралдарын және / немесе сандық зерттеу қасиеттерін ұғынады. Тексерілетін нысанның сәйкестігін растаудың құқықтық категориясы аккредиттеу түрін айқындайды.

 

АККРЕДИТТЕУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ:

- білім беру қызметін көрсету мен маман дайындау сапасының жоғары екенін көрсету;

- білім бағдарламасы мен маман даярлау сапасына тәуелсіз баға алу;

- білім бағдарламасын жетілдіруге байланысты ұсыныстар алу;

- ЖОО-ның мәртебесін растайтын аккредиттеу туралы куәлік алу;

- қазақстандық білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

- қазақстандық азаматтардың шетелде білім алуы және халықаралық еңбек нарығында еңбекке қабілеттілік қүқықтарын қорғау;

- бітіруші түлектерді жүмыспен қамтамасыз ету үшін қажет.

 

ТарМПУ-дың аккредиттеу процедураларынан өтукізілуі туралы ақпарат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстан агенттігінде 26  білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support