РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ



АККРЕДИТАЦИЯ ЖӘНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ МИССИЯСЫ

АККРЕДИТАЦИЯ ЖӘНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ   ЖҮЙЕСІНІҢ МИССИЯСЫ

Аккредитация және сапа менеджменті жүйесінің орталығы институт стратегиясын қалыптастыруға ат салысып, ТарМПИ-дің сапа менеджменті жүйесі қызметінің тиімді атқарылуын қамтамасыз етіп,Қазақстанның үздік 50 ЖОО-ның ұлттық рейтингісінде институт рейтингісін айқындауға әсер етеді.

 

МАҚСАТЫ

Тараз мемлекеттік педогогикалық институтындағы Аккредитация және сапа менеджменті жүйесі орталығы қызметінің негізгі мақсаты – институт пен білім бағдарламаларын аккредиттеу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесін дамыту және жетілдіру.

Аккредитация және сапа менеджменті жүйесі орталығының міндеттері:

2.1    Институт пен білім бағдарламаларын аккредиттеу үдерісін ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

2.2    ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесін дамыту және жетілдіруді ұйымдастыру және әдістемелік  қамтамасыз ету.

2.3 Институт пен оның құрылымдық бөлімдерінің сапа қызметін жетілдіруді мониторингілеу және ақпараттық қамтамасыз ету:

- сапа менеджменті жүйесінің жағдайын талдау және оның қызметі туралы есептерді дайындау;
- ИСО 9001 : 2008 халқаралық стандартының негізінде сапа менеджменті жүйесі құжаттарын өзекті ету және жасау;

- ЖОО-да қабылданған сапа менеджмнеті жүйесі бойынша үдерістердің сараптамасы;

- сапа саласындағы іс-шаралар мен ұйымдастыру, бұйрық құжатарын дайындау, олардың орындалуын қадағалау;

- басшылар мен қызметкерлерді сапаны басқару негіздері және сапа менеджменті жүйесі құжаттарының талаптарымен таныстыру, үйретуді ұйымдастыру;

- институттың құрылымдық бөлімдері жұмысын сапа менеджменті жүйесі бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

- аккредиттеу және сапаны басқару мәселелері бойынша ұйымдармен әріптемстік қарым-қатынасты орнату және қолдау.

 

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

-  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу және сапа менеджменті жүйесі  мәселелері бойынша нормативтік құжаттарымен танысу, жүйелеу және  орындалуын қадағалау;

- ЖОО басшылығы тапсырмасы бойынша аккредиттеу агенттіктерімен келіссөз жүргізу және хат жазысуды жүзеге асыру;

- білім бағдарламаларын аккредиттеу үдерісін ұйымдастыру, құжаттарын даярлау және орындау;

- орталық қызметінің бағыттары бойынша құрылымдық бөлімдерді ақпараттық қолдау және кеңес беру;

- орталық қызметінің бағыттары бойынша құрылымдық бөлімдерді ақпараттық қолдау және кеңес беруді жүзеге асыру және ЖОО сапа менеджменті құжаттары жобасын жасау.

- білім сапасын басқару және қамтамасыз ету, аккредиттеу мәселелері бойынша семинарлар, мәжілістер ұйымдастыру;

- аккредиттеу және білім сапасымәселелері бойынша жүйелі біліктілікті арттыру, курс, семинар, конференция жұмыстарына қатысу;

- инститтуттың құрылымдық бөлімдері қызметінің ішкі аудиттерін өткізуге қатысу;

- институттың сапа жүйесі жағдайы жөнінде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жүйесін іске асыру;

- институттың барлық құрылымдық бөлімдерінің аккредиттеу және менеджментке байланысты статистикалық деректерін талдау;

- институтты  Халқаралық аккредиттеуден өтуге дайындау.

 

СМЖ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

2004 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педогогикалық институты 2 ресертификациялық аудиттен өтті: 2011 жылы 9001:2008 стандарты бойынша халықаралық агенттік сертификатын иеленді, 2012 жылдың наурызында ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нысандарының аккредитациясынан, 2012 жылдың қарашасында Білім сапасымен қамтамасыз етудің тәуелсіз қазақстандық агенттігінде институционалдық аккредиттеуден, ал 2013 жылы кезекті ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациядан  өтті.

2011 жылы институттың сапа менеджменті жүйесі 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі Халықаралық АФФНОР Ассоциациясы (Франция) және INTERCERT сертификаттау орталығында өткізілді.

2011 жылдан бастап ТарМПИ-да ИСО  9001:2008 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі жасалынды, енгізілді және сертификатталды. Сапа менеджменті жүйесі тиімді қызмет етіп, ЖОО-ның білім беру, ғылыми  және тәрбие жұмысында қолданылады.

Дамушы СМЖ моделі білім беру қызметінің ҚРМБС, ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестігін көрсету мақсатында жоспарлауды, мониторингілеуді, аудитті, талдауды қамти отырып, жұмыс берушілердің талаптарын жүзеге асыруды, СМЖ сәйкестігін қамтамасыз етуді және нәтижелілігін үнемі арттыруды көздейді.

 

Мекенжай: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбылоблысы,  Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62.каб. 203, 205.

Байланыс  телефондары: 8 (7262) 34-04-99

факс: 8 (7262) 43 – 58 – 06

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support