Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Ғылыми кеңес

Аты-жөні: Асылбекова Нұржамал Өзенбекқызы

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты, доценет

Лауазымы: Ғылыми хатшы

Телефон: 8 (726)2 433760; 8 (701) 577 58 40.

E-mailЭтот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

ТарМПУ Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетті жалпы басқаруды жүзеге асырады, жоғары оқу орнын алқалық басқару формаларының бірі болып табылады. Ғылыми кеңестің төрағасы - университет ректоры  э.ғ. д., профессор Ержан Әмірбекұлы.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, ТарМПУ жарғысын, сондай-ақ жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін басшылыққа алады. (ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.11.07 ж. № 574 бұйрығы).

Ғылыми кеңестің отырысы тиісті оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет (кемінде)  өткізіледі.

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты университеттің даму басымдықтары мен принциптерін әзірлеу, түлектерді сапалы дайындау, материалдық ресурстар мен қызметкерлердің біліктілігін сақтау және арттыру, ұжымның тиімді қызметі үшін заңнамалық тетікті құру болып табылады. Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылыққа және оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаттарына негізделеді.

Ғылыми кеңестің құзыретіне:

- университет құрылымын бекіту;

- Университет жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханаларды, кафедраларды, факультеттерді (институттарды)) құру, қайта ұйымдастыру және тарату және т. б.;

- университеттің даму тұжырымдамасын анықтау;

- университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

- ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының жыл сайынғы оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізудің нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;

- оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығару және қарастыру;

- студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат нысанында оқуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;

- диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыптарын және ғылыми жетекші – кеңесшілерін бекіту;

- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

- бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметтерін көрсету және өндірілетін өнімді сату жолымен университет алатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттарын анықтау;

- ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы стипендиялар мен сыйлықтарды бекіту және беру;

- университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік марапаттарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастыру;

алқалық шешімді талап ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе