РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



Басшылық және қызметкерлер құрамы

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


СЕРІКБОЛ ҚАЙРАТҰЛЫ БЕРІКҚОЖА

Серікбол Қайратұлы Берікқожа 1991 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, А.Суханбаев ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі – жоғары.

Білімі:

2006-2009 жылдары Жамбыл политехникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, үздік дипломмен аяқтады.

2009-2012 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығын бойынша бітірді.

2012-2014 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алған.

2014 жылы «Кәмелетке толмағандардың қылмысқа, құқық бұзушылыққа бейім мінез-құлқы және оның алдын алу жолдары» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады.

 

Еңбек жолы:

2010-2015  жылдары Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2010-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды.

2011-2016 жылдары «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті;

2012-2015 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы №2 бөлім инспекторы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері;

2016-2017 жылдары «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының Атқарушы директоры;

2016 жылдан осы уақытқа дейін Қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес мүшесі, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес мүшесі, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшесі;

2016 жылдан осы уақытқа дейін VІ шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі;

2017 жылдың 15 қаңтарынан - 2017 жылдың 2 қыркүйегіне дейін «Тараз-Ғасыр» колледжі «Құқықтану» мамандығының оқытушысы.

2017 жылдың 15 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы.

Ғылыми дәрежесі: жоқ

 

Жетістіктері: «ХҚКО» РМК үздік қызметкері – 2013» конкурсының «ХҚКО РМК-ның болашағы» номинациясының иегері және «ХҚКО» РМК-ның «Үздік қызметкер» төс белгісімен, «ХҚКО» РМК-ның бас директорының Алғыс хатымен марапатталған.

«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатымен, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Ғылым және жаңашылдық – 2013»  атты республикалық магистранттар арасында өткізілген ғылыми-практикалық конференциясының ІІІ орын, «Жастар саясаты-жастардың көз алдында» тақырыбында өткізілген облыстық публицистикалық жұмыс конкурсының І орын иегері.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасы жағдайы: үйленген, 2 қызын тәрбиелеуде.

 

ТӘЖІҒАЛИЕВ АБАЙ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Инженер-бағдарламашы


Байланыс телефоны: +7 7713991990

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support