РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Ақпараттық-имидждік бөлімі

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК БӨЛІМІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ақпараттық-имидждік бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімде «Нұрлы Жол» газеті, Баспасөз қызметі, ТарМПУ веб-сайты және Фотостудия  қызмет атқарады.

Ақпараттық-имидждік бөлімінің міндеттері мыналар болып табылады:

1. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:

- Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;

- Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;

- Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото түсірілімдермен қамтамасыз ету.

2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:

- Университет ректорының  ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;

- Университет ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;

- БАҚ-та университеттің жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру;

3. Тараз мемлекеттік педагогикалық Университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:

- Университеттің www.tarmpu.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;

- Университетте өтетін  іс-шаралар туралы БАҚ-ты ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз ету;

- Университет газетінің дер кезінде шығуын қамтамасыз ету;

- Жалпыуниверситеттік шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе